Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 7-1/573 · қабылданған 06.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84961/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/573 ·06.11.2014
06.11.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/573 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-1/573
Қабылданған күні
06.11.2014
Көрсетілген редакция
06.11.2014 AI84961_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14F0009935
ЭКБ идентификаторы
84961
Редакция идентификаторы
AI84961_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:03

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице–министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Өзгеріс енгізіліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 7-1/573 бұйрығына
қосымша
Өзгеріс енгізіліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5521 болып тіркелген; 2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.».

2

2. «Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген; 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiнде:
тақырыбы орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді;
1-тармақтың бірінші бөлігі орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – цистицеркоз (аумағы 40 шаршы сантиметр ет кесіндісінде 3 артық емес цистицеркозбен зақымданған), бруцеллез, туберкулез, Ауески ауруы, везикулярлі стоматит, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, паратуберкулез, кампилобактериоз, фузариотоксикоз, ку лихорадкасы;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі орыс тілінде өзгереді, мемлекеттік тілде өзгермейді.

3

3. «Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-02/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7646 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдедегі № 415-421 (27495) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасында:
2-тармақ алынып тасталсын:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұйым жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша алынған ақпаратты талдайды, жануарларды саулығы мен өмірі үшін ауыр салдарларға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкін ветеринариялық препараттардың анықталған жанама әсері туралы тәуекелдің, тиімділігінің жоқ болуының жай-күйін бағалайды және жануарлардың жай-күйі мен олардың сипаттамаларының бақыланатын өзгерістерін болжайды және жалпыланған мәліметтер мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жолдайды.».

Қолданыстағы