Құжат мәтініне өту

Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к профессиональным противопожарным службам

Бұйрық · № 783 · қабылданған 07.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84967/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к профессиональным противопожарным службам Қолданыста Бұйрық ·№ 783 ·07.11.2014
18.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к профессиональным противопожарным службам

Қолданыста Бұйрық ·№ 783 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к профессиональным противопожарным службам
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
783
Қабылданған күні
07.11.2014
Көрсетілген редакция
18.08.2025 84967_772924.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0009942
ЭКБ идентификаторы
84967
Редакция идентификаторы
84967_772924
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:02

0 Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 783 бұйрығымен
бекітілген
Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

1

1. Осы кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) кәсіби өртке қарсы қызметтердің Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу мен сөндіру, өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға кәсіби өртке қарсы қызметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

2 2. Жолға шығатын өрт сөндіру техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызметтерге мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

1

1) осы рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автомобильді техникалық қарап тексерудің диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық қарап тексеру актілерімен расталған кемінде екі өрт сөндіру автомобилінің болуы;

2 2) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

3

3) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақ тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 1 бөлімше бастығы, 4 жұмыскер есебінен кемінде 17 адамның болуы;

4 4) кәсіби өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы рұқсат беру талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

3 3. Жолға шығатын өрт сөндіру техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызметтерге мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

1 1) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

2

2) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақ тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға 1 бекет бастығы және 2 жұмыскер есебінен кемінде 9 адамның болуы;

3 3) кәсіби өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы рұқсат беру талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

1 Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *

Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
Нысан
Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *
________________________________________________________________________________
(КӨҚҚ атауы)
Маркасы, моделі __________ шасси _________ шыққан жылы______________________________ ________________
тіркеу нөмірлік белгісі _______________________ иесі _________________________
шасси_______________ шанағы ______________ қозғалтқышы _________________
1. № _______________________ автомобиль формулярының болуы және оны жүргізу,____________________ № ________________ көлік құралын тіркеу туралы куәлік, техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік.
2. Спидометр бойынша жүріп өткен жолы_________________км.
3. Автомобильдегі өрт-техникалық жабдық пен жарақтың тізімдемесі мен оның болуы:
Р/с №
Жабдық пен жарақтың атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Болуы (бар/жоқ)
1
2
3
4
5
1
Ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм сорғыш түтік
дана
2
2
Ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм сорғыш түтік
дана
2
3
Диаметрі 77 мм, гидранттан жұмыс істеуге арналған тегеурінді түтік
дана
2
4
Ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм тегеурінді түтік
дана
6
5
Ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм тегеурінді түтік
дана
10
6
Ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм тегеурінді түтік
дана
6
7
Ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм сорғыш түтік
дана
1
8
Ұзындығы 12 м жібі бар СВ-125 сорғыш түтікке арналған тор
дана
1
9
РТ – 70 (РТ – 80) 3 жүрісті тармақталу
дана
2
10
Бітеуіші бар ВС-125 түтікке су жинағыш
дана
1
11
Гидранттарды ашуға арналған жалғайтын кілттер
дана
1
12
Газ түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы арқаны
дана
1
13
70х50 жалғамалы өтпелі бастиек
дана
2
14
80х50 жалғамалы өтпелі бастиек
дана
2
15
80х70 жалғамалы өтпелі бастиек
дана
2
16
Түтік бекіткіш
дана
4
17
Түтік қысқыштар
дана
4
18
Өрт колонкасы
дана
1
19
К-150 сорғыш түтіктерді қосуға арналған кілттер
дана
2
20
К-80 тегеурінді түтіктерді қосуға арналған кілттер
дана
2
21
Гидранттардың қақпақтарын ашуға арналған кілттер
дана
1
22
Г-600 гидроэлеваторы
дана
1
23
РСК – 50 оқпаны
дана
4
24
РСА оқпаны
дана
2
25
РС –70 оқпаны
дана
2
26
СВП-4 ауа-көбікті оқпаны
дана
2
27
Тасымалданатын лафетті оқпан
дана
1
28
ГПС-600 еселігі орташа көбік генераторы
дана
2
29
Үш иінді саты
дана
1
30
Шабуыл сатысы
дана
1
31
Таяқ-саты
дана
1
32
Ұзындығы 2,5 метрлік металл багор
дана
1
33
«Әмбебап» сүймен
дана
1
34
Ұста зілбалғасы
дана
1
35
Балташы балғасы
дана
1
36
Жалпақ күрек
дана
1
37
Ағаш қаптағы ағаш кесетін ара
дана
1
38
Арматура кесуге арналған қайшы
дана
1
39
Электр өткізгіштерді кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:
диэлектрлік тұтқасы бар қайшы;
дана
1
диэлектрлік қолғап;
жұп
1
диэлектрлік боты;
жұп
1
диэлектрлік кілемше.
дана
1
40
Ұзындығы 30 м брезент қаптағы құтқару арқаны
дана
1
41
Өртте жұмыс істеуге арналған тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (ұсынылады)
дана
4
42
Жылу шағылыстырғыш костюм
дана
3
43
Резеңке етік
жұп
4
44
Электрлік жеке шам
дана
5
45
Электрлік топтық шам
дана
1
46
Медициналық дәрі-дәрмек сөмкесі
жиынтық
1
47
ОУ-5 немесе ОП - 5 өрт сөндіргіш
дана
1
48
Қысқа сапты күрек
дана
1
49
Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы
жиынтық
1
50
Автомобиль радиостанциясы
дана
1
51
Тасымал радиостанция
дана
4
52
Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғы
дана
1
53
Домкрат 5 – 10 т
дана
1
4. Сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының, сиреналардың, жарқыл маяктардың жай-күйі
________________________________________________________________________
(болуы және жарамдылығы)
5. Радиостанциялардың жай-күйі_______________________________________
(болуы және жарамдылығы)
6. Өрт сөндіру автомобилінің өрт сорғышының, газ ағысы-вакуумды тетігінің және/немесе өзге де арнайы агрегаттарының (атауларын көрсете отырып) жай-күйі, атқарған жұмысы (мото-сағаттар)____________________________________________
(өрт сорғыштың өрт сөндіргіш құралдарын беру қабілеттігі, ашық су көзінен су алу және гидрант арқылы жұмыс істеу)
7. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық жай-күйі және өртте жауынгерлік
іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі жұмысқа қабілеттілігі бойынша жалпы қорытынды
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Комиссия төрағасы
_______________________________________________________________________
(бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)
Комиссия мүшелері
______________________________________________________________________
(бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)
М.О.
*автомобильдің жай-күйін тексеру және осы актіні жасау кәсіби өртке қарсы қызметтің орналасқан жері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына жүктеледі.

2 Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі

Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
2-қосымша
Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі
Р/с

Ар­найы ки­ім-ке­шек пен өрт­ке қар­сы жа­рақ­тың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
1
Өрт сөн­ді­ру­ші­нің жа­уын­гер­лік ки­і­мі
жиын­тық
1
2
Дулы­ға­ның асты­нан ки­етiн бас киiм
да­на
1
3
Бес­са­у­сақ­ты қол­ғап
жұп
1
4
Бі­лек­ті терi қол­ғап
жұп
1
5
Ка­ра­бинi бар өрт сөн­дiру­шiнiң құт­қа­ру бел­дi­гi
да­на
1
6
Өрт сөн­ді­ру кас­ка­сы (дулы­ға)
да­на
1
7
Өрт сөн­дiру­шiнiң етi­гi
жұп
1
8
Өрт сөн­ді­ру­ші­нің бал­та­сы­на ар­нал­ған бел­дік қа­бы
да­на
1
9
Ре­зең­ке етiк
жұп
1
Ескертпе:
Кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлері өндiрiстiк қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, осы нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

3 Кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша
Кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі
Ла­у­а­зым ата­уы
Бі­лік­ті­лі­гі
1
2
Қыз­мет (жа­сақ) ба­стығы және оның орын­ба­сар­ла­ры, өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі­нің ба­стығы және оның орын­ба­сар­ла­ры
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, мем­ле­кет­тік өрт­ке қар­сы қыз­мет ор­ган­да­ры­ның бас­қа­ру ап­па­ра­ты­ның неме­се өрт сөн­ді­ру бө­лім­ше­ле­рі­нің бас­шы ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де 3 жыл жұ­мыс өті­лі.
Өрт сөн­ді­ру бе­ке­ті­нің ба­стығы және оның орын­ба­са­ры
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім неме­се ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет­тің бас­қа­ру ап­па­ра­ты­ның неме­се бө­лім­ше­ле­рі­нің ла­у­а­зым­да­рын­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*
Қа­ра­уыл ба­стығы (ауы­сым ба­стығы)
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт­тің ал­дын алу аға нұс­қа­у­шы­сы
Ор­та тех­ни­ка­лық бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт­тің ал­дын алу нұс­қа­у­шы­сы
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Газ-тү­тін­нен қор­ғау қыз­ме­ті­нің ше­бе­рі
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен және сығ­ы­л­ған ауа­да­ғы ап­па­рат­тар­да жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­са­ты бар.
Бө­лім­ше ко­ман­ди­рі
Ор­та бі­лім, өрт­ке қар­сы қыз­мет бө­лім­ше­ле­рін­де­гі ла­у­а­зым­дар­да ке­мін­де 1 жыл жұ­мыс өті­лі*, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Аға өрт сөн­ді­ру­ші, өрт сөн­ді­ру­ші
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің жүр­гі­зу­ші­сі (аға жүр­гі­зу­ші)
Ор­та бі­лім, «С» са­на­тын­да­ғы жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі осы са­нат бой­ын­ша ке­мін­де 1 жыл ав­то­мо­биль жүр­гі­зу тә­жі­ри­бе­сі­мен, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
Ра­дио­те­ле­фо­нист (бай­ла­ныс бе­ке­ті­нің дис­пет­че­рі)
Ор­та бі­лім, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған оқу ор­та­лы­ғын­да ар­найы да­яр­ла­удан өт­кен.
*мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не кәсіби өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.

Қолданыстағы