Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил создания местными исполнительными органами пунктов пожаротушения, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы

Бұйрық · № 746 · қабылданған 30.10.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84968/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил создания местными исполнительными органами пунктов пожаротушения, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы Қолданыста Бұйрық ·№ 746 ·30.10.2014
21.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил создания местными исполнительными органами пунктов пожаротушения, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы

Қолданыста Бұйрық ·№ 746 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил создания местными исполнительными органами пунктов пожаротушения, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы
Атауы (қаз.)
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
746
Қабылданған күні
30.10.2014
Көрсетілген редакция
21.08.2025 84968_785353.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0009928
ЭКБ идентификаторы
84968
Редакция идентификаторы
84968_785353
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:08

0 Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңда белгiленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялау үшiн жiберудi;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 746 бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары

1 1. Осы Қағидалар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру тәртiбiн айқындайды.

2 2. Жергiлiктi атқарушы органдар өрт сөндiру пункттерін мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде кезекшi ауысымға, өрт сөндiру автомобилiне арналған, телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етiлген үй-жайлары бар ғимараттарда құрады.

3 3. Тиiстi әкiмшiлiк аумақтарда өрт сөндiру пункттерін құру, олардың материалдық-техникалық жарақтандыруын ұйымдастыру әкімнің шешiмi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.

4 4. Өрт сөндiру пункттері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өрт-техникалық жарақтардың ең аз санымен жасақталған өрт сөндiру автомобилiмен жарақталады.

5

5. Өрт сөндiру автомобилi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулыға сәйкес жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етiледi.

6 6. Өрт сөндiру пункттерінiң жұмыс iстеуi үшiн ерiктi өрт сөндiрушiлер, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер тартылады.

1 Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жарақтардың ең аз тізбесі

Жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік өртке қарсы қызметі
бөлімшелері жоқ елді мекендерде
өрт сөндіру пункттерін құру,
оларды материалдық-техникалық
жарақтандыру қағидаларына
қосымша
Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жарақтардың
ең аз тізбесі
р/с №
Жаб­дық пен құ­рал-жаб­дық­тың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
1
Сор­ғыш жең­құ­быр, ұзынды­ғы 4 м, диа­мет­рі 125 мм
да­на
2
2
Сор­ғыш жең­құ­быр, ұзынды­ғы 4 м, диа­мет­рі 75 мм
да­на
2
3
Қы­сым­ды жең­құ­быр, гид­рант­тан жұ­мыс іс­теу үшін ла­тек­сті, ұзынды­ғы 4-5 м, диа­мет­рі 77 мм
да­на
2
4
Қы­сым­ды жең­құ­быр, ла­тек­сті, ұзынды­ғы 20 м, диа­мет­рі 66 мм
да­на
10
5
Қы­сым­ды жең­құ­быр, ла­тек­сті, ұзынды­ғы 20 м, диа­мет­рі 51 мм
да­на
6
6
Қы­сым­ды жең­құ­быр үшін СВ-125 то­ры, ұзынды­ғы 12 м жі­бі­мен
да­на
1
7
РТ-70 (РТ-80) 3-тар­мақ­ты та­ра­мақ­та­лу
да­на
2
8
СВ-125 қақ­па­ша­ла­ры бар жең­құ­быр­лы су жи­на­ғыш
да­на
1
9
Өрт ба­ға­ны
да­на
1
10
РСК-50 оқ­па­ны
да­на
4
11
Ла­фет­ті жы­л­жы­ма­лы оқ­пан
да­на
1
12
Ор­та­ша есе­лік­ті кө­бік ге­не­ра­то­ры ГПС-600
да­на
2
13
Көл­де­нең ара
да­на
1
14
Сы­рық-са­ты
да­на
1
15
Ұзынды­ғы 2,5 м ме­талл ба­гор
да­на
1
16
Сүй­мен
да­на
1
17
Ағаш ұста­сы­ның бал­та­сы
да­на
1
18
Же­ңіл өрт іл­ме­гі
да­на
1
19
Сүй­ір кү­рек
да­на
1
20
Ағаш қо­рап­та­ғы ағаш ке­се­тін қол ара
да­на
1
21
Электр же­лі­ле­рін ке­су­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы, оның ішін­де:
ди­элек­тр­лік тұт­қа­сы бар қай­шы
да­на
1
ди­элек­тр­лік қол­ғап
жұп
1
ди­элек­тр­лік бо­ты
па­ра
1
ди­элек­тр­лік кі­лем­ше
да­на
1
22
Элек­тр­лік топ­тық фо­нарь
да­на
1
23
Ав­то­мо­биль­ге тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
жиын­тық
1
24
Ав­то­мо­биль­дік ра­дио­стан­ция
да­на
1
25
Сиг­нал­дық-да­уыс зо­райт­қыш құ­ры­л­ғы­сы
да­на
1
26
Өрт сөн­ді­ру­ші­нің жа­уын­гер­лік ки­і­мі­нің жиын­тығы
жиын­тық
1
27
Тасмал­дай­тын өрт мо­то­пом­па­сы
да­на
1
28
Ас­па­лы су бү­рік­кіш
да­на
5
29
Ауа­үр­ле­гіш­тер
да­на
5
30
Соқ­пан
да­на
5
31
Ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы
жиын­тық
1
32
Ра­дио­стан­ция
да­на
3

Қолданыстағы