Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Байзакского района

Өзге акт · № 35-3 · қабылданған 04.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84998/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Байзакского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 35-3 ·04.12.2014
24.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Байзакского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 35-3 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Байзакского района
Атауы (қаз.)
Байзақ ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35-3
Қабылданған күні
04.12.2014
Қолданысқа енгізілген күні
07.01.2015
Көрсетілген редакция
24.02.2016 84998_252611.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14GB002428
ЭКБ идентификаторы
84998
Редакция идентификаторы
84998_252611
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:42

0 Байзақ ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының
10 бабына
сәйкес аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Байзақ ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Байзақ аудандық мәслихатының

2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 35-3 шешіміне қосымша
Байзақ ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі

Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митинг, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Ботамойнақ ауылдық округі
Байзақ ауылы, Сейдекуль Байдешова көшесі № 30 «а» «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы» саябақ
2
Бәйтерек ауылдық округі
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 313 ғимаратқа қарамақарсы алаң
3
Бурыл ауылдық округі
Бурыл ауылы, 9 мамыр көшесінің бойындағы «Бәйтерек» балабақшасының қарсы бетіндегі саябақтағы алаң
4
Дихан ауылдық округі
Дихан ауылы, Әлі Күзенбай көшесі № 19 «а» мекен-жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаң
5
Жаңатұрмыс ауылдық округі
Көкбастау ауылы, Іскендір Шалбайұлы көшесі № 72 ауылдық округ әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаң
6
Жалғызтөбе ауылдық округі
Жетібай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан саябақ
7
Көптерек ауылдық округі
Кеңес ауылы, Жүніс Науатов көшесінің бойындағы Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің шығыс бетіндегі алаң
8
Көктал ауылдық округі
Көктал ауылы, Сабит Мұқанов көшесі №14 мекен-жайда орналасқан мәдениет үйінің алдындағы алаң
9
Қызыл жұлдыз ауылдық округі
Қызыл жұлдыз ауылы, Қанымқыз Тортаева көшесі №70 «а» мекен-жайда орналасқан Сындыбала Оңғарбаева алаңы
10
Қостөбе ауылдық округі
Талас ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі №20 мекен-жайда орналасқан «Агали» шаруақожалығы мекемесінің алдындағы алаң
11
Мырзатай ауылдық округі
Мырзатай ауылы, Әмірқұлұлы Жамансары көшесінің бойында орналасқан Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңындағы алаң
12
Суханбаев ауылдық округі
Жақаш ауылы, Шеке Әйтімбетов көшесі №46 мекен-жайда орналасқан Ағаділ Суханбаев ауылдық клубының алдындағы алаң
13
Сазтерек ауылдық округі
Абай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі №4 мекен-жайда орналасқан Абай ауылдық клубының алдындағы алаң
14
Сарыкемер ауылдық округі
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №76 мекен- жайда орналасқан «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйінің алдындағы алаң
15
Темірбек ауылдық округі
Тегістік ауылы, Школьная көшесі №2 мекен –жайда орналасқан Чапаев атындағы орта мектебінің алдындағы алаң
16
Түймекент ауылдық округі
Түймекент ауылы, Дінмұхамет Қонаев көшесі № 78 мекен-жайда орналасқан мәдениет үйінің алдындағы алаң
17
Үлгілі ауылдық округі
Үлгілі ауылы, Қожаберген Ысмайлов көшесінің бойында орналасқан ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының алды және Мырзабаев Жақыпбай көшесіндегі ауылдық клуб ғимаратының алды
18
Ынтымақ ауылдық округі
Мәдімар ауылы, Әлімқұл Сейдалиев көшесі № 3 мекен-жайда орналасқан ауылдық клубтың алдындағы алаң

Қолданыстағы