Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/6
- Қабылданған күні
- 12.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2017 85035_163378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BK004498
- ЭКБ идентификаторы
- 85035
- Редакция идентификаторы
- 85035_163378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:00
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеудің келесі тәртібі анықталсын:
1
1) үйде оқытуға жұмсаған шығындар (мемлекет толық қамтамасыз етіп отырған мүгедек балалар мен ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқалары) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының біреуіне және өзге де заңды өкілдеріне, отбасының табысына қарамастан өтеледі;
2 2) жұмсаған шығындар мүгедектігі туралы анықтамасы мен «Ақмола облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық медициналық педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген өтініш берген айдан бастап, мерзімнің аяқталуына дейін өтеледі;
3
3) жұмсаған шығындар қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға өтеледі. Шығындарды өтеудің тоқтатылуына алып келген жағдайлар (18 жасқа толу, мүгедектер қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) туындаған кезде төлем тиісті жағдайлар орын алған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
2 2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу – ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде анықталсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов
«14» қараша 2014 жыл