Құжат мәтініне өту

О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Мангистауской области

Қаулы · № 290 · қабылданған 25.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85061/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Мангистауской области Күшін жойған Қаулы ·№ 290 ·25.11.2014
06.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Мангистауской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 290 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О выплате ежемесячного денежного содержания спортсменам Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
290
Қабылданған күні
25.11.2014
Көрсетілген редакция
06.10.2017 85061_291346.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14M0002546
ЭКБ идентификаторы
85061
Редакция идентификаторы
85061_291346
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:50

0 Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларын әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1) Ай сайын ақшалай үлес (бұдан әрі – Үлес):

осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мөлшеріне сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;
осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген мөлшеріне сәйкес, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне төленсін.

2 2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, ай сайын ақшалай үлес алуға белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.

3 3. Үлесті алуға кандидаттардың тізімдік құрамы «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша жылына 2 рет Жұмыс тобының шешімімен анықталады.

4 4. Үлесті белгілеу туралы Жұмыс тобының шешімі отырыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Жұмыс тобының шешімімен спортшыларға Үлесті төлеу мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

5 5. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6

6. «Маңғыстау облысының спортшыларына және спорттың ойын түрлері бойынша командалар құрамында өнер көрсететін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай қаржыны белгілеу туралы» 2012 жылғы 8 мамырдағы № 85 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2131 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымдағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.И. Пахомов
2014 жыл 25 қараша
«Маңғыстау облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
И.Ы. Құрман
2014 жыл 25 қараша

9 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 25 қараша № 290 қаулысына
1-қосымша
Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына төленетін ай сайын ақшалай үлестің мөлшері
лауазым атауы
адам саны
төленетін ай сайын ақшалай үлестің сомасы,
АЕК
«Маңғыстау бокс клубы» ЖШС
спортшы
26
100
жаттықтырушы
6
100
жиыны:
32
«Маңғыстау бокс клубы» ЖШС
спортшы
10
100
жаттықтырушы
3
100
жиыны:
13
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының спортшылары
спортшы
23
100
жиыны:
23
Ескерту:
МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
АЕК – айлық есептік көрсеткіш

10 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 25 қараша № 290 қаулысына
2-қосымша
Спорттың ойналатын түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне төленетін
ай сайын ақшалай үлестің мөлшері
лауазым атауы
адам саны
төленетін ай сайын ақшалай үлестің сомасы,
АЕК
«Каспий» кәсіптік баскетбол клубы» ЖШС
спортшы
10
70
жаттықтырушы
2
70
жетекші
1
70
жиыны:
13
«Каспий» кәсіптік волейбол клубы» ЖШС
спортшы
6
70
жаттықтырушы
2
70
жетекші
1
70
жиыны:
9
Ескерту:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АЕК - айлық есептік көрсеткіш

11 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 25 қараша № 290 қаулысына
3-қосымша
Ай сайын ақшалай үлес алуға белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Нургазиева Бану Ғаниқызы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі
Елизарова Рушания Фаритовна
"Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері:
Бейсенбаев Мұрат Жаналиұлы
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы
Бисенқұлы Қабыл Темірханұлы
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау облыстық қазақ күресі және дзюдо бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы
Джумаев Айнди Зайндиевич
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жас қанат» спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы
Мухалев Александр Евгеньевич
ардагер-спортшы
Науризов Дабыл Тапаевич
ардагер-спортшы

Қолданыстағы