О проведении приписки граждан мужского пола к призывном участку отдела по делам обороны Каркаралинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан мужского пола к призывном участку отдела по делам обороны Каркаралинского района
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 20.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2014 85079_156514.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KM002866
- ЭКБ идентификаторы
- 85079
- Редакция идентификаторы
- 85079_156514
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:54
0 Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылдың 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1.
Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2.
Қарқаралы ауданы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 1 «Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2546 болып тіркелген, 2014 жылдың 8 наурызында № 19-20 (11246) «Қарқаралы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3.
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
4 4.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.