Құжат мәтініне өту

Об оказании дополнительной социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов

Өзге акт · № 35/369 · қабылданған 19.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85082/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об оказании дополнительной социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 35/369 ·19.11.2014
13.04.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании дополнительной социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 35/369 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании дополнительной социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35/369
Қабылданған күні
19.11.2014
Көрсетілген редакция
13.04.2023 85082_625930.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KI002868
ЭКБ идентификаторы
85082
Редакция идентификаторы
85082_625930
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:55

0 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (одан әрі – әлеуметтік көмек).

2 2.

Әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

3 3.

Келесі шарттар белгіленсін:

1 1)

мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан, және ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және өзге заңды өкілдеріне отбасы кірісіне қарамастан беріледі;

2 2)

әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомоствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

3 3)

әлеуметтік көмек төлемі қаржының түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмекті тоқтатуға қатысты (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) жағдайлар бар болғанда төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

4 4.

Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
З. Шәкентаев
19.11.2014
«Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Ж. Жиенбаева
19.11.2014

Қолданыстағы