О ратификации Договора о вечной дружбе между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Договора о вечной дружбе между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шартты бекiту туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 242
- Қабылданған күні
- 28.06.1998
- Көрсетілген редакция
- 28.06.1998 AI851_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z980000242_
- ЭКБ идентификаторы
- 851
- Редакция идентификаторы
- AI851_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:39
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шартты бекiту туралы
Бiшкекте 1997 жылғы 10 қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шарт бекiтiлсiн.
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы Шарт
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 14-құжат) (1999 жылғы 15 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 87 бет)
Бұдан әрi қарай "Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
үш мемлекеттің тарихи қалыптасқан берiк байланыстарына сүйене отырып,
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар арасындағы достық қатынастарды, тату-тәттi көршiлiктi, ынтымақтастықты және өзара көмектi нығайту олардың халықтарының түпкiлiктi мүдделерiне сай келедi, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет етедi деп санай отырып,
халықаралық құқық нормаларына, ең алдымен БҰҰ Жарғысының, Хельсинки Қорытынды Актiсiнің және ЕҚЫҰ шеңберiнде қабылданған басқа да құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
өз халықтарының экономикалық дамуы мен рухани өркендеуiнiң негiзi болып табылатын аймақтағы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келiсiм үшiн жауапкершiлiктерiн түсiне отырып,
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiнде үш елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдете түсу, оны бұдан әрi қарай дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, барлық меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлерi арасында тiкелей байланыстар орнату қажет деп санай отырып,
тарих, мәдениет, тiл мен дәстүрлер тамырластығына негiзделген үш мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарын одан әрi нығайту мақсатында мына төмендегілер жөнiнде уағдаласты:
1-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тәуелсiздiктi, егемендiктi, аумақтық тұтастықты және мемлекеттiк шекаралардың мызғымастығын сыйлау, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне қол сұқпау, тең құқықтылық және өзара тиiмдiлiк принциптерi негiзiнде қарым-қатынастарын дамытатын болады.
2-бап
3-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң пiкiрiнше басқа мемлекеттер тарапынан қарулы басқыншылық қатерiн төндiретiн жағдай туындайтын болса, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мұндай жағдайды бейбiт реттеуге жәрдемдесетiн шаралар қабылдау мақсатында, сондай-ақ бiрлескен қорғанысты қамтамасыз ету үшiн үш жақты негiзде, сондай-ақ өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберiнде де тез арада бiр-бiрiмен тиiстi консультациялар өткiзедi.
4-бап
Консультациялар барысында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар оларды Тараптар мүшелерi болып табылатын халықаралық ұйымдарда қарау кезiнде Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың ортақ мүдделерiн қозғайтын аймақтық және ғаламдық мәселелер бойынша позицияларын келiсетiн болады.
5-бап
6-бап
7-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар саяси, экономикалық және қаржыны қоса алғанда, ешқандай да күштеусiз аймақтық ынтымақтастықты жолға қою қажеттiлiгi туралы ортақ пiкiрге келдi.
8-бап
9-бап
Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар елдер арасындағы тауарлардың, қызметтер мен капиталдың кең түрде және тиiмдi ауысуына бiрте-бiрте көшу үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, қаржы және сауда жағдайларын жасайды.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлiк, туризм, спорт, денсаулық сақтау, байланыс және телекоммуникациялар, энергетика, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.
10-бап
11-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң экономикалық потенциалын Трансазиялық темiр жол және автомобиль магистральдарын қалыптастыруда, сондай-ақ транзиттiк тасымалдар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда пайдалану қажеттiгiн растайды.
12-бап
13-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмауды және табиғатты тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды. Олар бiрлескен арнаулы табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы адамдар тұрмыс-тiршiлiгiне қауiп төндiретiн экологиялық апаттар мен табиғат құбылыстары кезiнде басқа Тараптарға шұғыл көмек көрсететiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар аймақтың, соның iшiнде, ең алдымен Әмудария және Сырдария өзендерi бассейндерiнiң, Арал теңiзiнiң бүлiнген экологиялық жүйесiнiң тепе-теңдiгiн қалпына келтiруге ұмтылатын болады.
14-бап
15-бап
16-бап
17-бап
18-бап
19-бап
1997 жылғы 10 қаңтарда Бішкек қаласында үш данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз, өзбек және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Қырғыз Республикасы Өзбекстан
Республикасы үшін үшін Республикасы үшін