О Правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны ко Дню Независимости Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны ко Дню Независимости Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 311/45-V
- Қабылданған күні
- 11.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2015 85163_128766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14AAZ00861
- ЭКБ идентификаторы
- 85163
- Редакция идентификаторы
- 85163_128766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:37
0 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына, 9-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 311/45-V шешімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана
қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы
әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Осы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.
3. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып табылатын (бұдан әрі - Әкімші) «Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес және осы мақсаттарға қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде ұсынылады.
2-бөлім. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
4. Ақшалай төлем түріндегі Әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына ұсынылады:
20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
10 000 (он мың) теңге мөлшерінде:
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6 және 8-баптарындамәртебесі белгіленген тұлғалар;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскерде болған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған тұлғаларға;
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы 9-бабының 1-тармағында мәртебесі белгіленген қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының мүшелеріне.
5. Әлеуметтік көмек сомасын төлеу алушылардың жеке есеп шоттарына немесе картшоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен Астана қаласындағы екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
6. Әкімшінің лауазымды тұлғаларының Ереже шеңберіндегі іс-қимылына (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арыздануға болады.