Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 27.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2015 AI85193_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VH003581
- ЭКБ идентификаторы
- 85193
- Редакция идентификаторы
- AI85193_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:47
0 Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
топтарын
анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі белгіленсін.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
3
3. «Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 75 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3234 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 18 (426), «Пульс района» газетінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 19 (6746)) жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
6 Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесі
Бородулиха ауданы
әкімдігінің 2014 жылғы
27 карашадағы № 281
қаулысына қосымша
Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы
топтарының тізбесі