Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 344/11
- Қабылданған күні
- 18.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2016 85194_93317.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0004219
- ЭКБ идентификаторы
- 85194
- Редакция идентификаторы
- 85194_93317
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:56
0 Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының
27-бабы
1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының
17-бабына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы “Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы” № 280
қаулысымен
бекітілген Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешендік жоспарының
3-тармағына
сәйкес Павлодар облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі келесі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Павлодар облысы қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген заңнамалық тәртіпте қамтамасыз етсін:
Әділет аумақтық органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуі;
Әділет аумақтық органында осы қаулының мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйісінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберу.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
5 Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айырутүрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы
«18» қараша № 344/11 қаулысына қосымша
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айырутүрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Р/с №
Ерекшелік атауы
Оқшаулау түрі
1
Келесі ерекшеліктер болғанда:
Объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы; барынша мүмкін баға бойынша Объектіні сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең аумағын қамту.
аукцион түрінде сауда-саттық жүргізу
2
Келесі ерекшеліктер бар болғанда:
сату шартын белгілеу жолымен белгілі кезеңге мемлекет тарапынан бір уақытта бақылауды сақтай отырып, бюджетке ақшалай қаражатты (Объектіні сату кезінде) алу қажеттілігі (қызмет бағдарын сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбекақы төлемі және басқа жағдайлар бойынша берешекті өтеу).
коммерциялық тендер түрінде сауда-саттық жүргізу
3
Келесі ерекшеліктер бар болғанда:
сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) келісімінің шарттарын орындауын мемлекет тарапынан бір уақытта бақылауды сақтау қажеттілігі
тікелей мекенжайдан сату
4
Келесі ерекшеліктер болғанда:
қатысушылардың кең аумағын қамтуға, осы Объектіге бәсекелестік деңгейін арттыруға және барынша мүмкін баға бойынша Объектіні сатуға мүмкіндік беретін Объектіге одан әрі бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы
қор биржасында сауда-саттық жүргізу