Құжат мәтініне өту

Об установлении тарифов

Қаулы · № 1145 · қабылданған 08.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85200/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении тарифов Күшін жойған Қаулы ·№ 1145 ·08.12.2014
26.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении тарифов

Күшін жойған Қаулы ·№ 1145 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении тарифов
Атауы (қаз.)
Тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1145
Қабылданған күні
08.12.2014
Қолданысқа енгізілген күні
05.01.2015
Көрсетілген редакция
26.08.2016 85200_157031.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14GA002434
ЭКБ идентификаторы
85200
Редакция идентификаторы
85200_157031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:40

0 Тарифті белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тараз қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі 55 теңге болып бекітілсін.

2 2. Қосымшаға сәйкес қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер бекітілсін.

3 3. «Тарифін белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 шілдедегі №532 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-132 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 шілдедегі «Жамбыл-Тараз» №29 (1055) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Тараз қалалық мәслихатының
хатшысы Б.Нарбаев
«09» желтоқсан 2014 жыл

6 Тараз қаласы әкімдігінің

2014 жылдың «08»
желтоқсандағы
№ 1145 қаулысына қосымша
Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер.

1 1. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:

- Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
- I топ мүгедектердің барлығына;
- II топтағы зағип мүгедектер;
- көп балалы аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «I-ші дәрежелі Даңқты аналар», «II-ші дәрежелі Даңқты аналар»;
- Жамбыл облысының және Тараз қаласының құрметті азаматтары, облыс және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері;
- Ауған соғысының, Чернобыль Атом электостанциясы апатын жоюға қатысушылары мен мүгедектері және олардың жесірлері.

2 2. Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:

- бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына (1-11 сынып) - 25 теңге, оқушылардың айлық бірыңғай жүру билеті – 900 теңге;
- жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттеріне – 50 теңге.

Қолданыстағы