О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-225
- Қабылданған күні
- 24.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2016 85202_Some(108193).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DC002960
- ЭКБ идентификаторы
- 85202
- Редакция идентификаторы
- 85202_Some(108193)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:52
0 Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін қалалық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Әлеуметтік мәселелер бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы «Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» № 35-225 шешіміне келісім
«КЕЛІСІЛДІ»
«Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы
«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Мырзахметова Файзагүл Сванқызы