О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 28.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 85224_Some(105528).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NL005236
- ЭКБ идентификаторы
- 85224
- Редакция идентификаторы
- 85224_Some(105528)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:46
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1.
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсалған шығындарды (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2 2.
Мыналар:
1 1)
кемтар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;
2 2)
оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі – қызметті алушылар) төленеді;
3 3)
оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
психологиялық–медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
4 4)
оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
3 3.
Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қазандағы № 170 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4289 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада «Айна» аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.