Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома

Ереже · № 36/2 · қабылданған 27.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85264/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома Қолданыста Ереже ·№ 36/2 ·27.11.2014
06.04.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома

Қолданыста Ереже ·№ 36/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома
Атауы (қаз.)
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
36/2
Қабылданған күні
27.11.2014
Көрсетілген редакция
06.04.2016 AI85264_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14LA004825
ЭКБ идентификаторы
85264
Редакция идентификаторы
AI85264_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:47

0 Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1.

Қоса беріліп отырған Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары бекітілсін.

2 2.

Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Қызылорда қалалық мәслихатының

2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 36/2 шешімімен бекiтiлген
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1.

Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес әзiрлендi.

2 2.

Кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2 2. Бөлек жиындарды өткiзу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртiбi

3 3.

Бөлек жиын Белкөл, Тасбөгет кенттері және ауылдық округтердің әкімдері шақырады.
Қызылорда қаласы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.

4 4.

Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

5 5.

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізу Белкөл, Тасбөгет кенттері және ауылдық округтердің әкімдерімен ұйымдастырылады.

6 6.

Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7.

Бөлек жиынды Белкөл, Тасбөгет кенттері және ауылдық округтері әкiмдерi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
Белкөл, Тасбөгет кенттері және ауылдық округтерінің әкiмдерi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8.

Қызылорда қаласына қарасты кенттер және ауылдық округтерінде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде (бір өкілден кем емес) бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9.

Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

10 10.

Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және Белкөл, Тасбөгет кенттері және ауылдық округтері әкiмдерiнiң аппаратына берiледi.

Қолданыстағы