Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества города Щучинска Бурабайского района

Ереже · № 5С-36/3 · қабылданған 19.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85324/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества города Щучинска Бурабайского района Күшін жойған Ереже ·№ 5С-36/3 ·19.11.2014
09.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества города Щучинска Бурабайского района

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-36/3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества города Щучинска Бурабайского района
Атауы (қаз.)
Бурабай ауданы Щучинск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-36/3
Қабылданған күні
19.11.2014
Көрсетілген редакция
09.12.2016 85324_151571.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BS004518
ЭКБ идентификаторы
85324
Редакция идентификаторы
85324_151571
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:55

0 Бурабай ауданы Щучинск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы Щучинск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Бурабай ауданының әкімі
Т. Ташмағамбетов
19 қараша 2014 жыл

3 Бурабай аудандық мәслихаттың

2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/3
шешімімен бекітілген
Бурабай ауданы Щучинск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бурабай ауданы Щучинск қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бурабай ауданы Щучинск қаласының тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Бурабай ауданы Щучинск қаласының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі шақырады.

Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Бурабай ауданы Щучинск қаласының шегінде бөлек жиынды өткізуді Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Бурабай ауданы Щучинск қаласының ауылдарының ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Щучинск қаласының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын үш жүз тұрғыннан бір адам сандық құрамында бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Щучинск қаласының ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы