Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах

Бұйрық · № 78 · қабылданған 11.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85327/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах Күшін жойған Бұйрық ·№ 78 ·11.11.2014
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 78 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах
Атауы (қаз.)
Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
11.11.2014
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI85327_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009969
ЭКБ идентификаторы
85327
Редакция идентификаторы
AI85327_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:00

0 Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті (С. Камели):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8722 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Жеке кәсіпкерлік саласындағы тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 78 бұйрығымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Жеке кәсіпкерлік саласындағы тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Тауар биржалары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және тауар биржаларын түрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленген.

2 2. Осы критерийлерді тәуекел деп тауар биржалары қызметінің нәтижесінде биржалық саудаға қатысушыларға мүліктік залал келтіру ықтималдылығы түсіндіріледі.

3 3. Тауар биржасын тәуекел дәрежесі бойынша топқа жатқызу бастапқы және кейіннен бөлу жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Бастапқы кезеңде жаңадан құрылған тауар биржалары жоғары тәуекел тобына жатқызылады.

5 5. Бұдан әрі жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша тауар биржалары осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес жиналған балдар сомасына байланысты тәуекелдер дәрежелері бойынша бөлінеді:

61 балл және одан жоғары - тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады;
31-ден - 60 баллға дейін - тәуекелдің орташа дәрежесіне жатады;
0-ден - 30 баллға дейін - тәуекелдің елеусіз дәрежесіне жатады.

6 6. Жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда тауар биржасы тәуекел дәрежесі аз топқа ауыстырылады.

1 Тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері

Жеке кәсіпкерлік саласындағы
тауар биржалары туралы
Қазақстан Республикасы
заңнамасын сақтауда тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлеріне
қосымша нысан
Тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері
р/с

Кри­те­рий­лер ата­у­ла­ры
Бал­дар
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бел­гі­ле­ген та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның элек­трон­дық са­уда жүй­е­сіне қой­ы­ла­тын жал­пы та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін та­у­ар бир­жа­сы­ның элек­трон­дық са­уда жүй­е­сі­нің бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
30
2.
Құ­пи­я­лы­лық (жа­сы­рын) ре­жи­мін, сон­дай-ақ та­у­ар бир­жа­сын­да ком­мер­ци­я­лық құ­пи­я­ны құ­рай­тын, оның ішін­де элек­трон­дық жет­кіз­гіш­тер­де­гі мә­лі­мет­тер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қа­жет­ті құ­рал­дар­мен жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
30
3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті бе­кіт­кен бир­жа са­уда­сы­ның үл­гі ере­же­сі негі­зін­де әзір­лен­ген бир­жа са­уда­сы ере­же­сі­нің бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
10
4.
Та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
20
5.
Са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі және кли­ент­тер­мен жұ­мыс жүр­гі­зу жө­нін­де­гі құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 5-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
20
6.
Кли­ринг­тік ор­та­лық­тың не кли­ринг­тік ор­та­лық қыз­мет­те­рін пай­да­ла­ну ту­ра­лы шар­ттың бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 6-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
30
7.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның ке­мін­де же­ті мү­ше­сі­нің бол­мауы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 11-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
10
8.
Та­у­ар бир­жа­сы ту­ра­лы және оның са­уда-сат­тық­тар өт­кі­зу тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ бир­жа­лық са­уда-сат­тық нәти­же­ле­рін ор­на­ла­сты­ру үшін ар­найы бө­лім­ді қам­ти­тын мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де­гі өз ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 8-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
20
9.
Мы­на: та­у­ар бир­жа­сы мү­ше­ле­рі­нің ба­стап­қы және жыл сай­ын­ғы, бир­жа мүл­кін пай­да­лан­ға­ны, сон­дай-ақ бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ді, заң­на­ма­да тый­ым са­лын­ба­ған бас­қа тү­сім­дер­ді тір­ке­ге­ні және ре­сім­де­ге­ні үшін бе­кі­ті­л­ген тө­лем­дер мөл­ше­рі­нің бол­мауы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дің қыз­ме­тіне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
10
10.
Та­у­ар бир­жа­сын­да бир­жа­лық тө­ре­лік­тің бол­мауы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
30
11.
Ке­піл­дік бе­ру және сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның бол­мауы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 16-1-ба­бы­ның сәй­кес)
60
12.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның бир­жа­лық са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты емес са­уда және өзге де қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­руы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 13-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
60
13.
Та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рі­нің бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ге қа­ты­суы неме­се ком­мер­ци­я­лық ақ­па­рат­ты өз мүд­де­ле­ріне пай­да­ла­нуы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 12-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
60
14.
Бир­жа­лық мәмі­ле­лер­ді та­у­ар бир­жа­сы­ның аты­нан және есе­бі­нен жа­сау («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 15-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
60
15.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның бир­жа­лық та­у­ар­лар­ға күн сай­ын­ғы бел­гі­ле­улер­ді бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лау ту­ра­лы мін­дет­ті орын­да­мауы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 18-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес)
20
16.
Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ды (жы­лы­ста­ту­ды) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ды бол­дыр­мау мақ­са­тын­да әзір­лен­ген іш­кі ба­қы­лау қа­ғи­да­ла­ры мен оны жү­зе­ге асы­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның бол­мауы («Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 28 та­мы­зда­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 11- ба­бы­на сәй­кес)
20

Қолданыстағы