Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах

Бұйрық · № 77 · қабылданған 11.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85330/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах Күшін жойған Бұйрық ·№ 77 ·11.11.2014
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 77 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах
Атауы (қаз.)
Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77
Қабылданған күні
11.11.2014
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI85330_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009970
ЭКБ идентификаторы
85330
Редакция идентификаторы
AI85330_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:00

0 Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті (С. Камели):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 241 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 197/НҚ бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8721 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілді
нысан
Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағы
Тексерудi тағайындаған орган
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерудi тағайындау туралы актi
_____________________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектiнiң атауы
_____________________________________________________________________
БСН
_____________________________________________________________________
Субъектiнiң орналасқан жері
_____________________________________________________________________
р/с

Та­лап­тар тiз­бесi
Иә
Жоқ
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкi­метi бел­гiле­ген та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның элек­трон­дық са­уда жүй­есiне қой­ы­ла­тын жал­пы та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ретiн та­у­ар бир­жа­сы­ның элек­трон­дық са­уда жүй­есi­нің бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
2.
Та­у­ар бир­жа­сын­да­ғы құ­пи­я­лы­лық (жа­сы­рын) ре­жи­мiн, сон­дай-ақ ком­мер­ци­я­лық құ­пи­я­ны құ­рай­тын, оның iшiн­де элек­трон­дық жет­кiз­гi­ш­тер­де­гi мәлi­мет­тер­дiң сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қа­жет­тi құ­рал­дар­мен жа­рақ­тан­ды­ры­л­ған құ­ры­лым­дық бөлiм­ше­нің бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкi­метi бекiт­кен бир­жа са­уда­сы­ның үл­гi ере­же­сi негiзiн­де әзiр­лен­ген бир­жа са­уда­сы ере­же­сi­нің бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
4.
Бас­шы­лық ла­у­а­зы­мын­да­ғы та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рін­де:
жо­ға­ры бiлi­мi;
та­у­ар бир­жа­ла­ры са­ла­сын­да және/ (неме­се) қар­жы ұй­ым­да­рын­да ке­мiн­де үш жыл жұ­мыс өтiлi;
бас­шы­лық ла­у­а­зы­мын ат­қар­май­тын та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­ле­рін­де:
жо­ға­ры неме­се ор­та бiлiм­нен кей­iн­гi бiлi­мі бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­iк­тi рас­тай­тын құ­жат­тар тiз­бесi­нің 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
5.
Са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру жөнiн­де­гi және кли­ент­тер­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi құ­ры­лым­дық бөлiм­ше­лер­дің бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­iк­тi рас­тай­тын құ­жат­тар тiз­бесi­нің 5-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
6.
Кли­ринг­тiк ор­та­лық­тың не кли­ринг­тiк ор­та­лық қыз­мет­терiн пай­да­ла­ну ту­ра­лы шар­ттың бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры және олар­ға сәй­кест­iк­тi рас­тай­тын құ­жат­тар тiз­бесi­нің 6-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
7.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның ке­мiн­де же­ті мү­ше­сiнiң бо­луы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 11-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
8.
Та­у­ар бир­жа­сы ту­ра­лы және оның са­уда-сат­тық­тар өт­кi­зу тәр­тiбi ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ бир­жа­лық са­уда-сат­тық нәти­же­лерiн ор­на­ла­сты­ру үшiн ар­найы бөлiм­дi қам­ти­тын мем­ле­кет­тiк және орыс тiл­дерiн­де­гi өз ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­ның 8-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
9.
Та­у­ар бир­жа­сы мү­ше­лерiнiң ба­стап­қы және жыл сай­ын­ғы жар­на­ла­ры, бир­жа мүл­кiн пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ бир­жа­лық мәмiле­лер­дi, заң­на­ма­да тый­ым са­лын­ба­ған бас­қа түсiм­дер­ді тір­кеу және рә­сім­деу үшін тө­лем­дер­дің мөл­шер­лерiн бе­кі­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың бо­луы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1653 қа­улы­сы­мен бекiтiл­ген Та­у­ар бир­жа­ла­ры­ның, бир­жа­лық бро­кер­лер мен бир­жа­лық ди­лер­лер­дiң қыз­метiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­ның 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
10.
Та­у­ар бир­жа­сын­да бир­жа­лық тө­релiк­тiң бо­луы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
11.
Ке­пiл­дiк бе­ру және сақ­тан­ды­ру қо­ры­ның бо­луы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 16-1-ба­бы және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 20 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1644 Қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Ке­пiл­дiк бе­ру және сақ­тан­ды­ру қор­ла­рын қа­лып­та­сты­ру және пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­рын, олар­дың мөл­шерiне сәй­кес).
12.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның бир­жа­лық са­уда­ны ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты емес са­уда және өзге де қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру тый­ым са­лу ту­ра­лы та­лап­тар­ды сақ­та­уы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 13-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
13.
Та­у­ар бир­жа­сы қыз­мет­кер­лерiнiң бир­жа­лық мәмiле­лер­ге қа­ты­суы­ның неме­се ком­мер­ци­я­лық ақ­па­рат­ты өз мүд­де­лерiне пай­да­ла­нуы­ның тый­ым са­лу ту­ра­лы та­лап­тар­ды сақ­та­уы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 12-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
14.
Бир­жа­лық мәмiле­лер­дi та­у­ар бир­жа­сы­ның аты­нан және есебi­нен жа­са­удың тый­ым са­лу ту­ра­лы та­лап­тар­дың сақ­та­луы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 15-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
15.
Та­у­ар бир­жа­сы­ның бир­жа­лық та­у­ар­лар­ға күн сай­ын­ғы ба­ға бел­гiле­улер­дi бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да, атап ай­тқан­да ин­тер­нет – ре­сур­сты тек­се­ру және бас­қа БАҚ-тар­да. жа­ри­я­ла­уы бой­ын­ша та­лап­тар­ды орын­да­уы («Та­у­ар бир­жа­ла­ры ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 4 ма­мыр­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 18-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес).
16.
Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кiрiстер­дi заң­да­сты­ру­ды (жы­лы­ста­ту­ды) және тер­ро­ризмдi қар­жы­лан­ды­ру­ды бол­дыр­мау мақ­са­тын­да әзір­лен­ген iш­кi ба­қы­лау қа­ғи­да­ла­ры және оны жү­зе­ге асы­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы («Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл ту­ра­лы» 2009 жы­л­ғы 28 та­мы­зда­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 11-ба­бы­на сәй­кес).
Тексерілетін субъектiнiң тексеру парағын алғаны туралы белгiсi:
20___ жылғы «___» ________
____________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Қолданыстағы