О внесении изменений в некоторые решения Жезказганского городского маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Жезказганского городского маслихата
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30/262
- Қабылданған күні
- 26.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2017 85337_374005.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KB002893
- ЭКБ идентификаторы
- 85337
- Редакция идентификаторы
- 85337_374005
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:49
0 Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жезқазған қалалық мәслихатының
2014 жылғы 26 қарашадағы №30/262
шешіміне 1 қосымша
Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі №23/196 «Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2633 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы №21 (7876) «Сарыарқа» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жезқазған қалалық мәслихатының Регламентінде:
мемлекеттік тілдегі 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Жезқазған қалалық мәслихатының осы Регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.»;
мемлекеттік тілдегі
4 тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында мәслихат белгілеген мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды. Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін сессияның төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етеді.»;
мемлекеттік тілдегі 11 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Сессияның күн тәртібін мәслихат жұмысының перспективалы жоспарының, мәслихат хатшысы, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, қала әкімі ұсынған мәселелердің негізінде сессияның төрағасы қалыптастырады.»;
21 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«21. Қажет болған жағдайда мәслихат осы Регламенттің 20 бабында көрсетілген қызметтерді атқаруды, сонымен қатар, сессия қарауы шығарылатын мәселе бойынша шешім жобасын әзірленуді уақытша комиссияға жүктей алады, оның жұмысына мемлекеттік органдардың, мекемелердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері және азаматтар тартылуы мүмкін.
Тартылған тұлғалар өз қорытындыларына қол қойып және мөр басып жазбаша түрде ұсынады.»;
мемлекеттік тілдегі 23 тармақтың
4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4) шешімдердің жобалары атқарушы органмен жіберілген жағдайда, қала әкімінің аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің қолданыстағы заңдарға сәйкестігі туралы қорытындысы; »;
мемлекеттік тілдегі
38 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған
шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін - өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді.»;
мемлекеттік тілдегі 52 тармақтың
7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7) Заңның 24 бабына сәйкес әкімге сенімсіздік көрсету туралы мәселесін бастамасы мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқадан дұрыс екенін куәландыруды ұйымдастырады; »;
мемлекеттік тілдегі
56 тармағының екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі.».
2
2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі №23/198 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2632 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 маусымдағы №22 (7877) «Сарыарқа» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Жезқазған қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларында:
орыс тіліндегі 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Жезказгана (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Жезказгана.»;
мемлекеттік тілдегі 8 тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
« 9) 1 және 2 топтағы мүгедектер.»;
мемлекеттік тілдегі 1 қосымша осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мамұндалсын.
6 Жезқазған қалалық мәслихатының
2014 жылғы 26 қарашадағы №30/262
шешіміне 2 қосымша
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
онын мөлшерлерiн белгiлеудiң
және Жезқазған қаласының мұқтаж
азаматтарының жекелеген санаттарының
тiзбесiн айкындаудың кағидаларына
1 косымша
Отбасыны тiркеу нөмiрi _________
Өтiнiш берушiнiң отбасы кұрамы туралы мәлiметтер
_____________________________ ____________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекен жайы, тел.)
Р/с №
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
Туған жылы
Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________ Күні _____________
Отбасының құрамы туралы
мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)