Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел Успеноюрьевского сельского округа Бурабайского района для участия в сходе местного сообщества

Ереже · № 5С-36/13 · қабылданған 19.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85342/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел Успеноюрьевского сельского округа Бурабайского района для участия в сходе местного сообщества Күшін жойған Ереже ·№ 5С-36/13 ·19.11.2014
09.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел Успеноюрьевского сельского округа Бурабайского района для участия в сходе местного сообщества

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-36/13 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел Успеноюрьевского сельского округа Бурабайского района для участия в сходе местного сообщества
Атауы (қаз.)
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-36/13
Қабылданған күні
19.11.2014
Көрсетілген редакция
09.12.2016 85342_151565.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BS004522
ЭКБ идентификаторы
85342
Редакция идентификаторы
85342_151565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:55

0 Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Бурабай ауданының әкімі
Т. Ташмағамбетов
19 қараша 2014 жыл

3 Бурабай аудандық мәслихаттың

2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/13
шешімімен бекітілген
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі шақырады.

Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округі шегінде бөлек жиынды өткізуді Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округі ауылдарының ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округі ауылдарының ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағиданың қосымшасына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

16 Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

Бурабай ауданы Успеноюрьев
ауылдық округінің бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасына қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны
Елді мекеннің атауы
Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің Успеноюрьевка ауылы
5
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің Николаевка ауылы
3
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің Райгородок ауылы
2
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің Үлгіалған ауылы
1
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің Қарағай ауылы
1
Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің Клинцы ауылы
1

Қолданыстағы