Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 273 · қабылданған 28.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85393/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 273 ·28.11.2014
08.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 273 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
273
Қабылданған күні
28.11.2014
Көрсетілген редакция
08.10.2021 85393_542264.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NO005242
ЭКБ идентификаторы
85393
Редакция идентификаторы
85393_542264
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:46

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

2 2. Мыналар айқындалсын:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

4 4) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді.

3

3. Мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 190 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4369 тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы