Құжат мәтініне өту

О введении ограничений на ввоз отдельных товаров в Республику Казахстан

Қаулы · № 457 · қабылданған 05.04.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8545/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении ограничений на ввоз отдельных товаров в Республику Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 457 ·05.04.2001
20.02.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении ограничений на ввоз отдельных товаров в Республику Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 457 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении ограничений на ввоз отдельных товаров в Республику Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулерді енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
457
Қабылданған күні
05.04.2001
Көрсетілген редакция
20.02.2008 AI8545_6.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000457_
ЭКБ идентификаторы
8545
Редакция идентификаторы
AI8545_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:53

0 Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулерді енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.02.2008 № 171 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қосымшаға сәйкес квоталар белгілеу жолымен 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеу енгізілсін.

📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515 қаулысымен.

2

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулы күшіне енгенге дейін "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған квоталарды берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулықты әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін.

3 3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті қосымшада белгіленген квота шеңберінде жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне бақылауды жүзеге асырсын.

4

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулер енгізетіндігі туралы хабардар етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

7 Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 6 сәуірдегі
N 457 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың тізбесі
📌 Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. N 1515; 2002.08.12. N 894 қаулыларымен.
СЭҚ ТН коды
Тауардың атауы
2002 жылға арналған квота
көлемі
жеңіл дистиляттар:
2710 00 110
қайта өңдеудің ерекше процестері үшін
1000 тонна
2710 00 150
2710 00 110 кіші субпозицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін
200 000 тонна
арнайы бензиндер:
2710 00 250
басқалары
4000 тонна
2710 00 390
басқа да жеңіл дистиляттар
50 тонна
орта дистиляттар:
2710 00 410
қайта өңдеудің ерекше процестері үшін
50 тонна
2710 00 450
27100 00 410 кіші субпозицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін
50 тонна

Қолданыстағы