Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пруденциального регулирования банков второго уровня

Қаулы · № 211 · қабылданған 22.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85517/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пруденциального регулирования банков второго уровня Күшін жойған Қаулы ·№ 211 ·22.10.2014
26.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пруденциального регулирования банков второго уровня

Күшін жойған Қаулы ·№ 211 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам пруденциального регулирования банков второго уровня
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
211
Қабылданған күні
22.10.2014
Көрсетілген редакция
26.12.2016 AI85517_4.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14Y0009949
ЭКБ идентификаторы
85517
Редакция идентификаторы
AI85517_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:15

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінен кешіктірмей осы Нормативтік мәндердің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есепті қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта ұсынады.
Бұл ретте банк конгломераты қатысушыларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынған қаржылық есептілігі қоса берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есебін уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігімен қоса Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші айдың бірінен кешіктірмей банк конгломератының мынадай қатысушылары ұсынады:
еншілес ұйымдары бар банк болып табылатын тікелей немесе жанама тәуелді ұйымы және (немесе) еншілес ұйымы бар банк холдингі, оның ішінде еншілес ұйымдары бар банк;
банк холдингі болып табылатын және еншілес ұйымдары бар банк, оның ішінде еншілес ұйымдары бар банк.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) басқа да қарыз алушылар үшін банк конгломератының меншікті капиталының 25 (жиырма бес) пайызынан (оның iшiнде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің "А"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктiк қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкiн болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломератының меншікті капиталының 0,10-нан артық емес);";
1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Осы қаулының 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
Төрағасы
Ә. Смайылов _________________
2014 жылғы 14 қараша

4 Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есеп

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2014 жы­л­ғы 22 қа­зан­да­ғы
№ 211 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
"Банк кон­гло­ме­ра­ты­на ар­нал­ған нор­ма­тив­тік
мән­де­ріне және пру­ден­ци­ал­дық нор­ма­тив­тер
мен өзге де мін­дет­ті ли­мит­тер­ді есеп­теу
әді­сте­ме­ле­ріне, сон­дай-ақ есеп­ті­лік­ті ұсы­ну
ны­сан­да­ры мен мер­зім­де­ріне
1-қо­сым­ша
Нысан
Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есеп
____________________________________________________________________
(банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес
ұйымы бар банктің атауы)
(қажеттісінің астын сызу қажет)
20__ж._______ жағдай бойынша
1-кесте
Банк конгломератының жарғылық капиталын есептеу
Ата­уы
Со­ма (мың тең­ге­мен)
Банк кон­гло­ме­ра­ты­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы, оның ішін­де:
банк хол­дин­гі­нің не банк хол­дин­гі жоқ, бі­рақ ен­ші­лес ұй­ы­мы бар банк­тің жар­ғы­лық (тө­лен­ген) ка­пи­та­лы
банк хол­дин­гі­нің не банк хол­дин­гі жоқ, бі­рақ ен­ші­лес ұй­ы­мы бар банк­тің са­тып алын­ған ак­ци­я­ла­ры (алын­ған ка­пи­та­лы)
2-кесте
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің есебі
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті
_____________________________

Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­сы­ның ата­уы
Со­ма (мың тең­ге­мен)
1
банк кон­гло­ме­ра­ты­ның 1 қа­ты­су­шы­сы­ның мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның нақ­ты мөл­ше­рі
1.1
Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­сы­ның ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­ла­ры:
1.1.1
банк кон­гло­ме­ра­ты­ның 2 қа­ты­су­шы­сы­ның
1.1.n
банк кон­гло­ме­ра­ты­ның n қа­ты­су­шы­сы­ның
1.2
Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­сы­ның мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның нақ­ты мөл­ше­рі (ин­ве­сти­ци­я­лар­ды ше­гер­ген­де)
n
Банк кон­гло­ме­ра­ты n қа­ты­су­шы­сы­ның мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның нақ­ты мөл­ше­рі
n.1
Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­сы­ның ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­ла­ры:
n.1.1
банк кон­гло­ме­ра­ты­ның n қа­ты­су­шы­сы­ның
n.1.n
банк кон­гло­ме­ра­ты­ның n қа­ты­су­шы­сы­ның
n.2
Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­сы­ның мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның нақ­ты мөл­ше­рі (ин­ве­сти­ци­я­лар­ды ше­гер­ген­де)
Банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның нақ­ты мөл­ше­рі
Банк кон­гло­ме­ра­ты қа­ты­су­шы­ла­ры­ның тәу­е­кел дә­ре­же­сі бой­ын­ша мөл­шер­лен­ген ак­тив­те­рі­нің, шар­тты және ық­ти­мал мін­дет­те­ме­ле­рі­нің со­ма­ла­ры
Банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның жет­кі­лік­ті­лік ко­эф­фи­цен­ті
Ескерту:
"Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)" деген жол "Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары" деген жол шегерілгенде "Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері" деген жолға тең;
"Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары" деген жол 1.1.1, …, 1.1.n жолдардың қосындысына тең;
"Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері" деген жол 1.2, …, n.2 жолдардың қосындысын білдіреді.
3-кесте
Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін есептеу
Ко­эф­фи­ци­ент­тің ата­уы
Тәу­е­кел­дің мөл­ше­рі (мың тең­ге­мен)
Тәу­е­кел­дің банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның мөл­ше­ріне қа­ты­на­сы
Бо­рыш­кер және банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің тү­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Бо­рыш­кер­дің ата­уы
Тәу­е­кел­дің тү­рі (қарыз, ке­піл­дік)
Со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Банк кон­гло­ме­ра­ты­мен ерекше қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты емес тұл­ға­ға қа­ты­сты банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі
Банк кон­гло­ме­ра­ты­мен ерекше қа­ты­на­стар ар­қы­лы бай­ла­ны­сты тұл­ға­ға қа­ты­сты банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тәу­ел­сіз рей­тин­гі­нен бір тар­м­ақ­қа тө­мен емес Standard&Poor's агент­тi­гiнiң рей­тин­гi неме­се Moody's Investors Service және Fitch агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент­тер­ге және Standard&Poor's агент­ті­гі­нің "А"-дан тө­мен емес рей­тин­гі неме­се Moody's Investors Service және Fitch агент­тікте­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент еме­стер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды қо­с­па­ған­да, бланк­тiк қары­здар, банк кон­гло­ме­ра­тын­да ағым­да­ғы және со­дан кей­iн­гi екi ай iшiн­де қарыз алушы­ға та­лап­та­ры туын­да­уы мүм­кiн бо­ла­тын үшін­ші тұ­лға­лар­дың пай­да­сы­на қарыз алушы ал­дын­да­ғы не қарыз алушы үшін қам­та­ма­сыз етiл­ме­ген шар­тты мiн­дет­те­ме­лер бой­ын­ша, сон­дай-ақ офф­шор­лық ай­мақ­тар­да тір­кел­ген неме­се олар­дың аза­мат­та­ры бо­лып та­бы­ла­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент еме­сте­рінiң мiн­дет­те­ме­лерi бой­ын­ша банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­ке­лі­нің ең жо­ға­ры мөл­ше­рі.
Әр­қай­сысы­ның мөл­ше­рі банк кон­гло­ме­ра­ты мен­шік­ті ка­пи­та­лы­ның он пай­ы­зы­нан аса­тын банк кон­гло­ме­ра­ты тәу­е­кел­де­рі­нің со­ма­сы
Басшы
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы) Тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы) Тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
Мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)".

Қолданыстағы