Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Қаулы · № 3387 · қабылданған 12.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85522/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду) Күшін жойған Қаулы ·№ 3387 ·12.12.2014
20.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Күшін жойған Қаулы ·№ 3387 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
Атауы (қаз.)
Қалалық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жалдау ақысының мөлшерлемесiн есептеу қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3387
Қабылданған күні
12.12.2014
Көрсетілген редакция
20.11.2015 85522_156441.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ZA003743
ЭКБ идентификаторы
85522
Редакция идентификаторы
85522_156441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:35

0 Қалалық коммуналдық мүлiктi

мүлiктiк жалдауға (жалға алуға)
беру кезiнде жалдау ақысының
мөлшерлемесiн есептеу қағидаларын
бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және
өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттiк мүлiк
туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекiту туралы» 2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 88 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес Орал қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған қалалық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жалдау ақысының мөлшерлемесiн есептеу қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. «Орал қаласы қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны жүзеге асыру жөнiндегi қажеттi шараларды алсын.

3 3. Орал қаласы әкiмi аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қ.З. Манқараевқа жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

6 2014 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 3387 Орал қаласы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлген
Қалалық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру кезiнде жалдау ақысының мөлшерлемесiн
есептеу қағидаларын бекiту туралы

1

1. Осы қалалық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жалдау ақысының мөлшерлемесiн есептеу қағидалары (бұдан әрi – қағидалар) 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзiрлендi және қалалық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жалдау ақысының мөлшерлемесiн есептеу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттiк тұрғын емес қордың объектiлерiн және құрылысты мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесiн есептеу осы қағидалардың

1-қосымшасына сәйкес объектiнiң аумақтық орналасуы, құрылыстың үлгiсi, объектiнiң түрi, объектiнiң қолайлылық дәрежесi, жалдаушының объектiнi пайдалануы және жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерiлетiн базалық мөлшерлеме мен қолданылатын коэффициент көлемi негiзiнде анықталады.
Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлетiн мемлекеттiк тұрғын емес қордың және құрылыс объектiлерiн жылдық жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жал = Бмк х К1 х Кү х К2 х К3 х К4 х Кұқн х S, мұнда:
Жал – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттiк тұрғын емес қордың объектiлерi мен құрылыстар үшiн жалдау ақысы, бiр жылға теңгемен;
Бмк – тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген 1,5 айлық есептiк көрсеткiшке тең объектiнiң жалпы алаңының 1 шаршы метрiне жалдау ақысының базалық мөлшерлеме көлемi, бiр жылға теңгемен.
К1 – объектiнiң аумақтық орналасуын ескеретiн коэффициент;
Кү – құрылыстың үлгiсiн ескеретiн коэффициент;
К2 – объектiнiң түрiн ескеретiн коэффициент;
К3 – объектiнiң қолайлылық дәрежесiн ескеретiн коэффициент;
К4 – жалдаушының объектiнi пайдалануын ескеретiн коэффициент;
Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретiн коэффициент;
S – жалға алынатын объектiнiң жалпы алаңы, шаршы метр.
Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлетiн мемлекеттiк тұрғын емес қордың
объектiлерi мен құрылыстарын бiр айға жалдау ақысының ең төменгi мөлшерi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген 1,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауы тиiс.

3 3. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды, көлiк құралдарын және өзге де жылжымайтын мүлiктердi (заттарды) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жылдық жалдау ақысын есептеу осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Жал = Ққ х Пм, мұнда:
Жал – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтар, көлiк құралдар және өзге де жылжымайтын мүлiктер (заттары) үшiн жалдау ақысы, бiр жылға теңгемен;
Ққ – бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлген жабдықтардың, көлiк құралдарының және өзге де жылжымайтын мүлiктердiң (заттардың) қалдық құны, теңгемен;
Пм – жалдаушының қызмет түрiне қарай (салалар бойынша) жабдықтарды, көлiк құралдарын және өзге де жылжымайтын мүлiктердi (заттарды) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берiлетiн пайыздық мөлшерлеме, бiр жылға пайызбен.
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтарды, көлiк құралдарын және өзге де жылжымайтын мүлiктердi (заттарды) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде қалдық құны жабдықтардың, көлiк құралдарының және өзге де жылжымайтын мүлiктердiң (заттардың) бастапқы (қалпына келтiру) құнынан 10 пайыз мөлшерiнде қабылданады.

4 4. Мемлекеттiк тұрғын емес қордың объектiлерiн және құрылыстарды, сондай-ақ жабдықтар, көлiк құралдарын және өзге де жылжымайтын мүлiктердi (заттарды) сағат бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) ұсыну кезiнде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Жс = Жал / 12 / К / 24, мұнда:
Жс – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттiк
тұрғын емес қордың объектiлерi және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлiк құралдары және өзге де жылжымайтын мүлiктер (заттар) үшiн жалдау ақысы, бiр сағатқа теңгемен;
Жал – қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттiк тұрғын емес қордың объектiлерi және құрылыстары, сондай-ақ жабдықтар, көлiк құралдары және өзге де жылжымайтын мүлiктер (заттар) үшiн жалдау ақысы, бiр жылға теңгемен;
К – объектiлердi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру жүзеге асырылатын айдағы күндердiң саны.

11 Қалалық коммуналдық мүлiктi

мүлiктiк жалдауға (жалға
алуға) беру кезiнде жалдау
ақысының мөлшерлемесiн
есептеу қағидаларына
1-қосымша
Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттiк тұрғын емес қордың объектiлерiн және құрылыстарды мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесiн есептеу.
Объектiнiң аумақтық орналасуын ескеретiн коэффициенттiң мәнi, «К1»

Объектiнiң аумақтық орналасуы
К1
1
2
3
1
Орал қаласының аумағы, осы кестенiң 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда.
2,0
1)
Орал қаласының қалған аумағы: Жәңгiр хан көшесi – Орал-Саратов
трассасы, Сады көшесi – Деркөл кентi, Ет комбинаты – Ружейников
көшелерi, Дамбы тұйығы – Пугачев көшелерi, Зачаган кентi,
Круглоозерный кентi, Серебряков ауылы, Желаев ауылдық округi шекарасында.
1,5
Құрылыстың үлгiсiн ескеретiн коэффициенттiң мәнi, «Кү»

Құрылыстың үлгiсi
Кү
1
2
3
1.
Кеңселiк.
1,0
2.
Өндiрiстiк.
0,8
3.
Спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары).
0,7
4.
Қойма, гараж, қазандық.
0,6
5.
Электрмен жабдықтау жүйесiнiң құрылыстары
(жарықтандыру желiлерiнiң тiректерi).
2,0
Объектiнiң түрiн ескеретiн коэффициенттiң мәнi, «К2»

Объектiнiң түрi
К2
1
2
3
1.
Бөлек тұрған құрылыс (ғимарат).
1,0
2.
Iргелес-жапсарлас салынған үй-жай, жапсарлас салынған үй-жай, осы
кестенiң 3-тармағын қоспағанда ғимараттағы үй-жайлардың бөлiгi.
0,9
3.
Астыңғы қабат (жартылай жертөле), жертөлелiк үй-жай.
0,7
4.
Электрмен жабдықтау жүйесiнiң құрылыстары (жарықтандыру желiлерiнiң тiректерi).
1,0
Объектiнiң қолайлылық дәрежесiнi ескеретiн коэффициенттiң мәнi, «К3»

Объектiнiң қолайлылық дәрежесi
К3
1
2
3
1.
Абаттандырылған (барлық коммуникациялық жағдайлары бар болған кезде).
1,0
2.
Инженерлiк коммуникацияларсыз (сумен жабдықтау, кәрiз жүйесi болмаған жағдайда), бiрақ электр және жылу жүйелерi болған жағдайда.
0,9
3.
Инженерлiк коммуникацияларсыз.
0,8
4.
Электрмен жабдықтау жүйесiнiң құрылыстары үшiн (жарықтандыру желiлерiнiң тiректерi).
1,0
Жалдаушының объектiнi пайдалануын ескеретiн коэффициенттiң мәнi, «К4»

Жалдаушының объектiнi пайдалануы
К4
1
2
3
1.
Брокерлiк қызметтi жүзеге асыру және кеден қызметтерiн көрсету, айырбастау пункттерi және қызметi бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшiн.
3,0
2.
Қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үй қызметiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн.
2,5
3.
Халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердiң, «Қазпошта» акционерлiк қоғамының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшiн.
2,0
4.
1)
2)
3)
4)
Мынадай салаларда қызмет көрсетудi ұйымдастыру үшiн:
ғылым және жоғары бiлiм беру;
орта арнаулы, кәсiптiк бiлiм беру;
орта бiлiм беру;
мектепке дейiнгi бiлiм беру, қосымша бiлiм беру.
1,1
1,0
0,9
0,85
5.
Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтердi ұйымдастыру үшiн.
0,9
6.
1)
2)
3)
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн:
кiруге шектеу қойылған қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында;
жалпы бiлiм беретiн мектептерде, орта арнаулы бiлiм беру мекемелерiнде:
асханалар: заңды тұлғалар үшiн;
жеке тұлғалар үшiн;
буфеттер, кафетерийлер: заңды тұлғалар үшiн;
жеке тұлғалар үшiн;
қалғандары үшiн: асханалар;
буфеттер, кафетерийлер.
0,5
0,55
0,45
0,75
0,65
0,6
0,75
7.
Халыққа қызмет көрсету (шаштараз, фотосурет, химиялық тазалау, кiр жуу, киiм, аяқ киiм тiгу және жөндеу, электр, радио, телеаппаратураларды және ұйымдастыру техникасын жөндеу), тұтыну тауарларын, өндiрiстiк-техникалық бағыттағы өнiмдердi және қызметтердi өндiру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу.
0,6
8.
Осы кестегi 1-7 тармақтарда көрсетiлген қызмет түрлерiн қоспағанда, қызмет түрлерi үшiн.
1,9
Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретiн коэффициенттiң мәнi, «Кұқн»

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны
Кұқн
1
2
3
1.
Қайырымдылық және қоғамдық бiрлестiктер, коммерциялық емес ұйымдар үшiн.
0,5
2.
Мемлекеттiк акциялар пакетi (қатысу үлесi) бар акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) үшiн.
0,8
3.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлға, шаруашылық серiктестiктер, өндiрiстiк кооперативтер құрмаған дара кәсiпкерлер үшiн (сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтi қоспағанда, өнеркәсiп өндiрiсiн ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн).
0,9
4.
Осы кестенiң 1-3 тармақтарында көрсетiлген жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысандарын қоспағанда, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысандары үшiн.
1,0

12 Қалалық коммуналдық мүлiктi

мүлiктiк жалдауға (жалға алуға)
беру кезiнде жалдау ақысының
мөлшерлемесiн есептеу
қағидаларына
2-қосымша
Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған жабдықтарды, көлiк құралдарын және өзге де жылжымайтын мүлiктердi (заттарды) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезiнде жылдық жалдау ақысын есептеу.
Жалдаушының қызмет түрiн ескеретiн коэффициент мәнi, «Пм»

Жалдаушының қызмет түрлерi (салалар бойынша)
Пм,
пайызбен
1
2
3
1.
Тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру (асхана, буфет, кафетерий), тамақ өнiмдерiн өндiру, халыққа медициналық, емдеу-сауықтыру қызметтерiн көрсету, бiлiм беру, спорт, мәдени-ағарту қызметi.
28
2.
Тұтыну тауарларын өндiру, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер мен қызметтер, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық-есептеу және ұйымдастыру техникасы, байланыс.
33
3.
Көтерме-бөлшек және комиссиялық сауда, қоғамдық тамақтану (мейрамхана, кафе, бар).
38
4.
Осы кестенiң 1-3 тармақтарында көрсетiлген қызмет түрлерiн қоспағандағы, қызмет түрлерi үшiн.
38

Қолданыстағы