Об утверждении Нормативов питания животных и птиц, использующихся в видах спорта
Қолданыста
Бұйрық
·№ 97
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Нормативов питания животных и птиц, использующихся в видах спорта
- Атауы (қаз.)
- Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 14.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2023 85523_624140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009992
- ЭКБ идентификаторы
- 85523
- Редакция идентификаторы
- 85523_624140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:58
0 Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3 3) ресми жарияланған кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері
1. Спорттық жылқылардың күн сайынғы рационы
№
р/с
Рацион атауы
Өлшем бірлігі
Бір күнде
1
Сұлы
кг
6,0
2
Арпа
кг
3,5
3
Бидай
кг
2,0
4
Кебек
кг
2,5
5
Пішен (жоңышқа, еркекшөп)
кг
15
6
Тұз
кг
0,05
7
Бор
кг
0,10
8
Зығыр
кг
0,10
9
Жүгері
кг
1,0
10
Сәбіз
кг
1,5
11
Алма
кг
1,5
12
Бал
кг
0,2
13
Қант
кг
0,2
14
Жұмыртқа
дана
4
15
Сабан
кг
5,0
2. Саят құстарының рационы
1
Ет
кг
0,7