Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1397 · қабылданған 29.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85538/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1397 ·29.12.2014
27.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1397 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1397
Қабылданған күні
29.12.2014
Көрсетілген редакция
27.06.2025 85538_774766.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001397
ЭКБ идентификаторы
85538
Редакция идентификаторы
85538_774766
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:13

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

2 2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бағанда:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 4-жолдағы «11243» деген сандар «10728» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 8-жолдағы «10724» деген сандар «9517» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 11-жолдағы «4220» деген сандар «3951» деген сандармен ауыстырылсын.

3

3. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 553-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:
«23. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
24. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы».

Қолданыстағы