Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района

Ереже · № 28/196 · қабылданған 24.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85556/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района Қолданыста Ереже ·№ 28/196 ·24.11.2014
26.06.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района

Қолданыста Ереже ·№ 28/196 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района
Атауы (қаз.)
Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
28/196
Қабылданған күні
24.11.2014
Көрсетілген редакция
26.06.2023 85556_638759.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MC002561
ЭКБ идентификаторы
85556
Редакция идентификаторы
85556_638759
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:51

0 Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы

Бенеу селосы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілсін.

2

2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - Аппарат) (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпарат - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аппарат басшысы Қ.Еламановқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже

Бейнеу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 28/196 шешімімен бекітілген
Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. Бейнеу ауданның Құрмет грамотасымен марапатау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен (одан әрі - Құрмет грамотасы) марапаттау азаматтардың көп жылғы жемісті қызметін, олардың қабілетін, дарынын және бастамаларын қоғамның танығандығын білдіретін аса маңызды моральдық көтермелеу болып табылады.

2 2 тарау. Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша талаптар

3

3. Өз қызмет саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар аудан азаматтары Құрмет грамотасымен өндірістік және қоғамдық-саяси қызметтегі, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, білім беру, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт саласындағы, халыққа қызмет көрсету аясындағы жеке жетістіктері, заңдылық және құқықтық тәртіпті, халықтар достығы мен ұлт аралық келісімді, мемлекеттік қорғанысты нығайту ісіндегі жеке сіңірген еңбегі үшін марапатталуы мүмкін.

4 4. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:

1 1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

2 2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;

3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;

4 4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.

5 5. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.

3 3 тарау. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

6

6. Құрмет грамотасына ұсынылған әрбір адамға марапатталу бетшесі толтырылады. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер, сол саладағы және ұжымдағы жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының сапасы және тиімділігі туралы мәліметтер, оның нәтижелері баяндалады.

7 7. Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің басшысы қол қояды және енгізілген мәліметтердің растығына дербес жауапкершілік артады. Марапаттау бетшесі кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мөрімен бекітіледі.

8 8. Құрмет грамотасымен марапаттау үшін өз бетімен өзінің кандидатурасын ұсынған тұлғалардан келіп түскен материалдар қаралмайды.

9 9. Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын-ала қарау және ұсыныстарды дайындау үшін аудан әкімі жанынан құрылған марапаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) жолданады.

10 10. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім комиссиясының оң қорытындысына сай әзірленген аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданады.

11 11. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.

12 12. Жоғалған Құрмет грамотасының орнына көшірмесі берілмейді.

4 4 тарау. Құрмет грамотасының сипаттамасы

13 13. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба белгісімен және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.

Қолданыстағы