Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Бурабайского района

Қаулы · № а-12/775 · қабылданған 04.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85571/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Бурабайского района Күшін жойған Қаулы ·№ а-12/775 ·04.12.2014
30.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Бурабайского района

Күшін жойған Қаулы ·№ а-12/775 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Бурабайского района
Атауы (қаз.)
Бурабай ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-12/775
Қабылданған күні
04.12.2014
Көрсетілген редакция
30.12.2015 85571_182211.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BS004536
ЭКБ идентификаторы
85571
Редакция идентификаторы
85571_182211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:42

0 Бурабай ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31 бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бурабай ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 24 наурызда № 1-19-150 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 сәуірде «Луч» аудандық газетінде, 2009 жылғы 2 сәуірде «Бурабай» аудандық газетінде жарияланған);

2

2) «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы» Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/222 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 22 сәуірде № 1-19-153 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуірде «Луч» аудандық газетінде, 2009 жылғы 30 сәуірде «Бурабай» аудандық газетінде жарияланған);

3

3) «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдары тізбесін белгілеу туралы» Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № а-3/116 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 26 наурызда № 4045 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде «Луч» аудандық газетінде, 2014 жылғы 10 сәуірде «Бурабай» аудандық газетінде жарияланған).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
_________Ө.Бейсенов
2014 жылғы 4 желтоқсан

8 2014 жылғы 4 желтоқсандағы

№ а-12/775 қаулысына қосымша
Бурабай ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

бөлім меңгерушісі;
әлеуметтік жұмысшы;

2 2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

білім беру ұйымының барлық мамандықтарының мұғалімдері;
жалпы білім беретін, жоғарғы техникалық мектептің, кәсіби лицейдің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-бала бақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдарының және барлық түрдегі және үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (бастық, меңгеруші);
мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі мұғалімі;
алғашқы әскери даярлауды ұйымдастырушы-оқытушы, басшысы (оқу мекемесіндегі әскери басшы);
жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, қосымша білім берудің басқа ұйымдары директорының (бастығының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелеу, тәрбие ісі бойынша орынбасары;
педагог-психолог;
аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарындағы);
мектепке дейінгі балалар ұйымдарының музыкалық жетекшісі;
оқу мекемесіндегі, оқу-тәрбиелеу, оқу-сауықтыру ұйымдарындағы аға басшы;
оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелеу қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы;
оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі (білім беру ұйымдарындағы);
еңбек бойынша нұсқаушы (білім беру ұйымдарындағы);
оқу-сауықтыру, оқу-тәрбиелеу орталығының (кешенінің) нұсқаушысы, әдіскері, тәрбиешісі, өндірістік оқыту шебері;
өндірістік оқытудың аға шебері, шебері;
білім беру ұйымының аға әдіскері, әдіскері (жоғары оқу мекемелерінен басқа);
музыкалық жетекші (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарынан басқа), оқу-тәрбиелеу қызметімен тікелей айналысатын сүйемелдеуші, концертмейстер;
дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының оқу-тәрбиелеу қызметімен тікелей айналысатын нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
кітапханашы;
медициналық медбике;

3 3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

мәдениет үйінің директоры;
клуб меңгерушісі;
ұжым жетекшісі;
мәдени ұйымдастырушы;
сүйемелдеуші;
кітапханашы;

4 4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

әдіскер-нұсқаушы.

Қолданыстағы