Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов

Бұйрық · № 145 · қабылданған 25.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85624/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов Күшін жойған Бұйрық ·№ 145 ·25.11.2014
01.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 145 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов
Атауы (қаз.)
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
25.11.2014
Көрсетілген редакция
01.09.2021 85624_539187.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010030
ЭКБ идентификаторы
85624
Редакция идентификаторы
85624_539187
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:50

0 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 1-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдануын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

0 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

Казахстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 1-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

2 2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2

2 2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

3 3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

4 4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

5 5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

6 6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

1 1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

2 2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.

7 7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзелу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:

халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларла учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;
халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5 %-ын қамти отырып тандалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

8 8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

9 9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

10 10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.

11 11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.

12

12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.

13 13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.

14 14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.

15 15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, колем) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.

16 16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

17

17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.

18 18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

19 19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

0.1 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидалары
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер
Есеп­тік бір­лік
1
Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
1 тұр­ғын
2
Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
1 орын
3
Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
1 орын
4
Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар
1 орын
5
Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, жи­нақ банк­те­рі, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
1 қыз­мет­кер
6
Емханалар
1 келіп кету
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
8
Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
1 оқу­шы
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
11
Мұ­ра­жай­лар, көр­ме­лер
Жал­пы ала­ңы 1 м2
12
Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
Жо­ба бой­ын­ша 1 орын
13
Спорт, би және ой­ын зал­да­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
16
17
Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер
Са­уда ала­ңы 1 м2
18
Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
19
Өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар­лар­дың кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
20
Тұр­мыстық қыз­мет кор­се­ту үйі: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту
Жал­пы ала­ңы 1 м2
21
Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
22
Жа­ға­жай­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
23
Дә­рі­ха­на­лар
Са­уда ала­ңы 1 м2
24
Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС, га­раж­дар
1 ма­ши­на-орын
25
Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
1 жұ­мыс­шы
26
Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі
1 га­раж­ға
27
Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
1 жұ­мыс ор­ны
28
Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
Жал­пы ала­ңы 1 м2
29
Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
30
Жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры (кі­лт­тер жа­сау және сол си­яқ­ты­лар.)
1 жұ­мыс ор­ны
31
Мон­ша­лар, сау­на­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
32
Қа­ла­ның ау­ма­ғын­да жап­пай іс-ша­ра­лар ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды ұй­ым­дар
1000 қа­ты­су­шы
33
Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
1 учас­ке

0.2 Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидалары
2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала ________________________________________________________________

1 1. Мекенжайы ________________________________________________________

2 2. Қабаттылығы ______________________________________________________

3 3. Үйдің нөмірі _____________________________________________________

4 4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _______________________________

5 5. Жайлылық деңгейі: ________________________________________________

а а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы _____________________________

б б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) __________________

в в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ ____

г г) қоқыс құбырының болуы ____________________________________________

д д) аула аумағының алаңы, м2 _________________________________________

оның ішінде
жасыл екпелер бар ___________________________________________________
жабыны қатты ________________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар ___________________________________________

6 6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы ___________

7 7. Қоқысты шығару кезеңділігі _______________________________________

8 Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)
_____________________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала

1 1. Объектінің атауы _________________________________________________

2 2. Мекенжайы ________________________________________________________

3 3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)

______________________________________________________________

4 4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) _______________________________

5 5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________

ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ___________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________

6 6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________

7 7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ________________________________________

Оның ішінде:
сауда алаңы _________________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң __________________________________________

8 8. Аула аумағының алаңы, м2 _________________________________________

Оның ішінде:
жасыл екпелер бар ___________________________________________________
жабын қатты _________________________________________________________

9 9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ______________

10 10. Қалдықтарды шығару мерзімі ______________________________________

11 11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле

ме? (қандай және қанша) _____________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы

0.3 Бастапқы жазба бланкісі

Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидалары
3-қосымша
Формасы
Бастапқы жазба бланкісі
_____________
(күні)
___________________________________________________ объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Кон­тей­нер­дің р/с №
Жи­нал­ған қал­дық­тар қа­ба­ты­ның би­ік­ті­гі, һ, м
Кон­тей­нер негі­зі­нің ала­ңы, S, м2
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың кө­ле­мі, h*S, м3
Қал­дық­тар ти­ел­ген кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m3, кг
Бос кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), mп, кг
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың мас­са­сы, m3 - mп
1
2
...
Тәу­лік ішін­де­гі жиы­ны
Vтәу
Мтәу

0.4 Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидалары
4-қосымша
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін
Жайлылық типі ___________________________________________
Ап­та­ның күн­де­рі
Объ­ек­ті­нің ата­уы
Объ­ек­ті­нің қыз­мет тү­рі
Есеп­тік бір­лік­тің са­ны
Жи­нақ­тал­ған ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың кө­ле­мі/мас­са­сы
Ор­та­ша тығ­ы­зды­ғы, кг/м3
Бар­лы­ғы қай­та­лам а ши­кі­зат ірік­теп алын­ды (бө­лек жи­на­ған кез­де)
жал­пы
1 есеп­тік бір­лік­ке
кг
м3
кг
м3
кг
м3
Дүй­сен­бі
Сей­сен­бі
Сәр­сен­бі
Бей­сен­бі
Жұ­ма
Сен­бі
Жек­сен­бі
Тәу­лі­гіне ор­та­ша
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы

0.5 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі

Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидалары
5-қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі ____________________________________________________
Объ­ект
Ай
Өл­ше­не­тін бір­лік­тің са­ны
Қал­дық­тар­дың жи­на­луы
Бір­тек­ті емес ко­эф­фи­ци­ент
Бө­лек жи­нау, кг
жал­пы
өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке
жал­пы
өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
м3
кг
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Барлығы
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы

0.6 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

Коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидалары
6-қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

1 1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

1 1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

V конт=h*S
мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S - контейнер түбінің алаңы, м2;

2 2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...
мұндағы Vконт1 Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

3 3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mконт =m3- mп
мұндағы m3 - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

4 4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

5 5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады.

Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7
мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

6 6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7
мұндағы mтәу1 mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

7 7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус/(nxa)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус/(nxa)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
а - есептік бірліктің саны.

8 8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n
мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» - қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

9 9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vж, м3)
Vж= Vтож х nк
массасы бойынша (mж, кг):
mж= mтожX nк
мұндағы nк- жылдағы күннің саны.

2 2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

1 1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

qcp = m/V,
мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

2 2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша:
Кбе = Vом/Vж
массасы бойынша:
Кбе = mом/mж

3 3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша:
Кмбе = Vmaxтәу./Voм
мұндағы Vmax тәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3
массасы бойынша:
kсн = mmaxтәу./moм
мұндағы mmax тәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

3

3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.

Қолданыстағы