Об утверждении Правил формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрi Ә. Исекешев ______________ 2014 жылғы 24 қараша
Басқа 0. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 125 бұйрығымен бекітілген Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың әрекеті сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтар полигондарына қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған жабдықтар;
Тармақша 2
2) қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қоры - полигон жабылғаннан кейін оны рекультивациялау және мониторингілеу үшін қалдықтарды орналастыру полигоны меншік иесінің жалпы қаражатының құрамында қалыптастырылатын қор;
Тармақша 3
3) меншік иесі – қалдықтарды орналастыру полигонының меншік иесі болып табылатын жеке және заңды тұлға.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорын (бұдан әрі - жою қоры) полигон жабылғаннан кейін полигон аумағының жерін рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсерінің мониторингін жүргізу үшін қалдықтарды орналастыру полигонының (бұдан әрі - полигон) меншік иесі құрады.
Тармақ 5
5. Жою қорын құру қалдықтарды орналастыру полигонының жобасымен көзделуі тиіс.
Тармақ 6
6. Жою бойынша жұмыстар көлемін және оларды орындау үшін қажетті қаражаттың көлемін айқындау үшін полигон иесі полигонды жою жобасын әзірлейді.
Тармақ 7
7. Полигонды жою бойынша жобада аумақты рекультивациялау, 1-сыныптағы полигондар үшін отыз жыл ішінде, 2-сыныптағы полигондар үшін жиырма жыл ішінде қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды орындау қарастырылуы тиіс. Бүлінген жерлерге рекультивациялау және кейіннен мониторинг жүргізуге арналған қаражат полигонды жою қорынан түседі.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасы, полигонды жою бойынша жоба Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
Тармақ 9
9. Полигонды жою бойынша жобаның негізінде меншік иесі жою бойынша жұмыстардың жоспарын және оны іске асыруға шығындар сметасын әзірлейді. Жалпы сметалық құны полигонды пайдаланған кезде бұзылған топырақтың алаңы мен сипаттамаларына, орналастырылатын қалдықтардың көлемдеріне, санына және сыныбына, полигонды жою процесінде пайдаланылатын материалдар мен техниканың құнына қарай полигонды жою жобасына сәйкес жоюға байланысты барлық шығыстарды қамтуға тиіс. Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою бойынша жұмыстардың басталуы болжанатын күніне есептеледі.
Тармақ 10
10. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін жою қорына қалдықтарды орналастыру полигонын пайдаланудың басынан бері меншік иесі тұрақты аударатын қаражат шоғырланады.
Тармақ 11
11. Қор полигонды пайдалану басталған күнінен бастап меншік иесі жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен құрылады. Жою қорына жыл сайынғы аударымдар мөлшері полигон жойылуы тиіс уақыт кезеңіндегі (жылдар саны) есеп айырысудағы полигонды жоюға арналған шығынның түзу бара-бар жалпы сметалық құнымен анықталады.
Тармақ 12
12. Жою қорына түсетін аударымдарды полигонның меншік иесі Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкте арнайы депозиттік шотта жүргізеді.
Тармақ 13
13. Жою қорының қаражатын полигон меншік иесі (иесі) тек қана мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған полигонды жою жөніндегі жобаға сәйкес полигонды жою жөніндегі іс-шараларға қолданылады.
Тармақ 14
14. Қажет болған жағдайда полигонды жою жөніндегі жұмыстардың жоспарына, оны іске асыруға арналған шығындардың сомасына, сондай-ақ аударымдар мөлшеріне түзетулерді жүзеге асырады. Көрсетілген түзетулерді енгізу тәртібі полигонды жою жобасында белгіленеді.
Тармақ 15
15. Егер жоюға арналған нақты шығындар жою қорында болған қаражаттың мөлшерінен асып кетсе, онда меншік иесі депозиттік шотқа қосымша толықтыруды жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Егер жоюға арналған нақты шығындар жою қорында болған қаражаттың мөлшерінен кем болса, онда ақшалай қаражаттың артығы полигон иесінің иелігінде қалады.
Тармақ 17
17. Полигон иесі жою қорына жасаған аударымдар, арнайы депозиттік шот ашылатын екінші деңгейдегі банктің атауы, шоттың жай-күйі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын хабардар етеді.