Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту

Өзге акт · № 258 · қабылданған 10.07.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 10.07.2000 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-8566/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту Қолданыста
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}

Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту

ҚАЗМемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту

Қолданыста Өзге акт № 258 қабылданған 10.07.2000

ЭКБ деректері 05.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
258
Қабылданған күні
10.07.2000
Көрсетілген редакция
10.07.2000 · қолданыстағы 8566_295785.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
10.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000355_
ЭКБ идентификаторы
8566
Редакция идентификаторы
8566_295785
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:22

0 Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2000 жылғы 23 мамырда тіркелген мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің Ережесіне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Қаржы Министрілігінің бұйрығымен бекітілген кассалық операциялар жүргізудің Ережесімен мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін 136 «Ел ішінде іссапар мен қызмет бабындагы жолсапарлар», 137 «Елден тысқары жерлерге іссапар мен қызмет бабындағы жолсапарлар» ерекшеліктері бойынша бюджетінен бөлінетін қаржының бекітілген жылдық сомасын ескере отырып, мынадай шекте айқындайтындығы белгіленгені еске алынсын:
5 млн.теңгеге дейін - 20 мың теңге:
5 млн теңгеден 10 млн.теңгеге дейін - 40 мың теңге:
10 млн. теңгеден 20 млн теңгеге дейін - 100 мың теңге;
20 млн. теңгеден жоғары 150 мың теңге.

2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитінің есептемесін жасайды және оны шығыстардың сметасымен бірге тиісті жергілікті қаржы органдарында растайды. 2000 жылғы қолма қол ақша қалдығының лимиті 2000 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей расталуы тиіс.