Қолданыстағы ред. 10.07.2000 (Редакция 8566_295785.kaz)

Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту от 10.07.2000 г. № 258 (Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту)

0

Мемлекеттік мекемелердің кассаларында қолма-қол ақша қалдығының лимитін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2000 жылғы 23 мамырда тіркелген мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізудің Ережесіне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Қаржы Министрілігінің бұйрығымен бекітілген кассалық операциялар жүргізудің Ережесімен мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін 136 «Ел ішінде іссапар мен қызмет бабындагы жолсапарлар», 137 «Елден тысқары жерлерге іссапар мен қызмет бабындағы жолсапарлар» ерекшеліктері бойынша бюджетінен бөлінетін қаржының бекітілген жылдық сомасын ескере отырып, мынадай шекте айқындайтындығы белгіленгені еске алынсын:
5 млн.теңгеге дейін - 20 мың теңге:
5 млн теңгеден 10 млн.теңгеге дейін - 40 мың теңге:
10 млн. теңгеден 20 млн теңгеге дейін - 100 мың теңге;
20 млн. теңгеден жоғары 150 мың теңге.

2

2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер кассадағы қолма-қол ақша қалдығы лимитінің есептемесін жасайды және оны шығыстардың сметасымен бірге тиісті жергілікті қаржы органдарында растайды. 2000 жылғы қолма қол ақша қалдығының лимиті 2000 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей расталуы тиіс.