О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты по вопросам регулирования банковской деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты по вопросам регулирования банковской деятельности
- Атауы (қаз.)
- Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 21.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2016 AI85666_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14Y0010032
- ЭКБ идентификаторы
- 85666
- Редакция идентификаторы
- AI85666_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:53
0 Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9530 тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 14 тамызда «Заң газеті» газетінде № 120 (2514) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«банктің меншікті капиталының нақты мөлшері:»;
мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«2014 жылғы 1 қаңтарда меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден кем болған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден аз емес;
басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз емес болғанда;»;
он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген лимиттерден аспайды.
1-2. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы жоқ банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулы мыналарды:
осы қаулының 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз сегізінші – елу үшінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының он бірінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын;
осы қаулының 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз төртінші – отыз жетінші абзацтарын, елу төртінші – алпыс бесінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының қырық бірінші – елу үшінші абзацтарын;
осы қаулының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші – он тоғызыншы абзацтарын, алпыс алтыншы – жетпіс бірінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының елу төртінші – елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының отыз екінші және отыз үшінші абзацтары 2013 жылғы 28 тамыз - 2014 жылғы 30 қыркүйек аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.».