Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Умирзак города Актау

Ереже · № 25/238 · қабылданған 24.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85670/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Умирзак города Актау Күшін жойған Ереже ·№ 25/238 ·24.11.2014
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Умирзак города Актау

Күшін жойған Ереже ·№ 25/238 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Умирзак города Актау
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/238
Қабылданған күні
24.11.2014
Көрсетілген редакция
23.12.2020 85670_502948.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MA002571
ЭКБ идентификаторы
85670
Редакция идентификаторы
85670_502948
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:51

0 Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың депутаттар өкілеттігі және әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы.Көшербай).

4 4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Өмірзақ ауылы әкімінің
міндетін атқарушы
Н.Құрманбаев
2014 жылғы 24 қараша

5 Ақтау қалалық мәслихатының

2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 25/238 шешімімен
бекітілген
Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Өмірзақ ауылының, оның ішінде Рауан, Приморский, Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 тұрғын массивтері тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді. Сонымен бірге Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 тұрғын массивтерінің тұрғындары үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны бөлек бір жиын нысанында өткізіледі.

2 2. Өмірзақ ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиын Өмірзақ ауылының әкімімен (бұдан әрі – ауыл әкімі) шақырылады.

Бөлек жиынды Ақтау қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен оның өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Өмірзақ ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында оған қатысуға құқығы бар қатысатын ауыл тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

7 7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында төрағамен және хатшымен қол қойылатын хаттама жүргізіледі және Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы