О наименовании улиц села Баянаул Баянаульского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании улиц села Баянаул Баянаульского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылының көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 09.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2014 85683_47511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PEB04252
- ЭКБ идентификаторы
- 85683
- Редакция идентификаторы
- 85683_47511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:38
0 Баянауыл ауылдық округі
Баянауыл ауылының көшелеріне
атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі Баянауыл ауылындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулары берілсін:
Каныш Сатпаев және Мухтар Ауезов көшелерінің арасында орналасқан көшесі - «Несипбек Баязитович Баязитов»;
Ермухан Бекмаханов және Кошке Кеменгеров көшелерінің арасында орналасқан көшесі - «Хамза Аубакирович Абылгазин»;
Мухтар Ауезов және Каныш Сатпаев көшелерінің арасында орналасқан көшесі - «Рымтай Ізбәстіұлы Ізбәсті».