Құжат мәтініне өту

О введении временного запрета на вывоз легких дистиллятов и продуктов, керосина, газойлей и прочих нефтепродуктов

Бұйрық · № 195 · қабылданған 10.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85769/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении временного запрета на вывоз легких дистиллятов и продуктов, керосина, газойлей и прочих нефтепродуктов Қолданыста Бұйрық ·№ 195 ·10.12.2014
10.12.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного запрета на вывоз легких дистиллятов и продуктов, керосина, газойлей и прочих нефтепродуктов

Қолданыста Бұйрық ·№ 195 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного запрета на вывоз легких дистиллятов и продуктов, керосина, газойлей и прочих нефтепродуктов
Атауы (қаз.)
Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойлдарды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
195
Қабылданған күні
10.12.2014
Көрсетілген редакция
10.12.2014 AI85769_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010037
ЭКБ идентификаторы
85769
Редакция идентификаторы
AI85769_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:37

0 Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойлдарды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 18 бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 10 бөлімінің 7 Қосымшасына сәйкес, мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Кеден Одағының Кеден шекарасынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистилляттар мен тауарларды (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), орташа дистилляттар, керосиндi, газойлдарды, дизель отынын (КО СЭҚ ТН коды код ТН ВЭД ТС 2710 19 110 0 – 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0) және басқа мұнай өнімдерін (код ТН ВЭД ТС 2710 20 900 0), әкетуге алты ай мерзiмге тыйым салынсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті хабардар етсін:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

3 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда қызметін дамыту департаментін міндетті түрде белгіленген тәртіппен:

осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясын;
Еуразиялық экономикалық комиссиясының қарауына осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялау.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2014 жылғы 19 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2014 жылғы 19 желтоқсан

Қолданыстағы