Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий

Бұйрық · № 107 · қабылданған 22.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-85791/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий Қолданыста Бұйрық ·№ 107 ·22.11.2014
31.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий

Қолданыста Бұйрық ·№ 107 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики нормативов питания и фармакологического обеспечения спортсменов, в том числе военнослужащих всех категорий и сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов, в период учебно-тренировочного процесса и спортивных мероприятий
Атауы (қаз.)
Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
22.11.2014
Көрсетілген редакция
31.07.2025 85791_779140.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010005
ЭКБ идентификаторы
85791
Редакция идентификаторы
85791_779140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:52

0 Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 107 бұйрығына
1-қосымша
Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтері (бұдан әрі - Әдістеме) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Әдістеме әртүрлі спорт түрімен айналысатын спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативтерін әзірлеу мақсатында әзірленген.

3 3. Бұл әдістемеде келесі түсініктер қолданылады:

1 1) жекпе-жек спорт түрлері – екі қарсыластың арасында арнайы талапқа сәйкес физикалық қатынас міндетті түрде қарастырылған спорт түрлері;

2 2) жылдамдық-күштік спорт түрлері – спортшының шапшаңдығы мен күштік сапасы ескеріле отырып жарысатын спорт түрлері;

3 3) командалық және ойындық спорт түрлері – екі және оданда көп спортшылардан құралған командалар арасында жарыс арнайы талапқа сәйкес жүргізілетін спорт түрлері;

4 4) калорияның тәуліктік есебі – тағамдық өнімдерден құрастырылатын тәулігіне қажетті килокалория мөлшерінің есебі;

5 5) спорттың циклдік (кезеңдік) түрлері – спортшы өзінің денесін кеңістікте орын ауыстыруы үшін қимылдарды циклді түрде қайталайтын спорт түрлері;

6 6) тағам үлесі – спортшының энергия шығынын қалпына келтіруіне қажетті, әрбір тағам қабылдау кезінде қолданылатын тағамдық өнімдердің жиынтығы және саны;

7 7) үйлестіруші спорт түрі – спортшы қимылының үнемі күрделенуімен жүргізілетін спорт түрлері.

2 2-тарау. Тағам және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерін анықтау

4 4. Тағам нормативтерін әзірлеу кезінде ескерілуі қажет:

1 1) қажетті макроэлементтер мен микроэлементтердің мөлшері спортшы организміне физиологиялық қажетті деңгейде болуы қажет;

2 2) негізгі тағамдық заттарды (нәруыз, май, көмірсу) қабылдау мөлшері физиологиялық қажеттілігі бойынша бір-біріне сәйкес қарым-қатынаста болуы қажет және спортшының физиологиялық энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етуі керек;

3 3) нутритивті қолдау кезінде минорлы және ортомолекулярлы жиынтықтардың, биологиялық белсенді заттардың мөлшері спортшы организмінің трофикалық деңгейіне сәйкес болуы керек;

4 4) спортшының тағам үлесінің энергетикалық құндылығы оның организмінің энергетикалық шығындарына сәйкес келуі қажет;

5 5) тағам үлесінде жануар текті нәруыз, көмірсу деңгейінің физиологиялық қажетті мөлшері, қанықпаған және көпқанықпаған май қышқылдарының физиологиялық қарым-қатынасы, витаминдер мен минералды заттардың оңтайлы мөлшері ескеріледі.

5 5. Спорттық мамандандырылуына және спортшының біліктілігіне сәйкес, спортшылардың тағамдық үлесінің нормалары келесі спорт түрлеріне қарай топтарға бөлінуі керек:

1 1) жылдамдық-күштік түрлері;

2 2) жекпе-жек сайыстары;

3 3) командалық және ойындық түрлері;

4 4) спорттың циклдік түрлері;

5 5) үйлестік түрлері.

6 6. Тағам нормативтері спортшының тәуліктік калориясында энергиямен қамтамасыз етілуінің, тағамдық үлестегі азықтардың химиялық құрамы және тағамдарды бір-бірімен алмастырудың оңтайлы сәйкестендірілуіне негізделген.

6-1 6-1. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшылардың тамақтану нормаларын белгілейді.

7 7. Спортшыны спорт түріне қарай фармакологиялық қамтамасыз ету спортшы организмінің физиологиялық қажеттілігіне сәйкес негізделеді.

8 8. Спортшыны фармакологиялық қамтамасыз ету оның барлық спорт саласындағы қызмет ету кезеңдері ескеріле отырып жылдық цикл бойынша жүргізіледі:

1 1) арнайы кезең – спортшының арнайы тактикасын және техникалық машықтарын жетілдіру кезеңі;

2 2) дайындық кезеңі – функционалдық және спортшының спорттық формаларын қалыптастыру кезеңі;

3 3) жарыс алды кезең – спортшының жарыс уақыты жақындаған жағдайда дайындығын тексеру кезеңі;

4 4) жарыс кезең – спорттық шараларға қатысу кезеңі;

5 5) негізгі кезең – спортшының негізгі машықтарын жетілдіру кезеңі;

6 6) қалпына келтіру кезеңі – қалпына келтіру және сауықтандыру шараларын өту кезеңі.

9 9. Фармакологиялық қамтамасыз ету кезінде спортшының физикалық денсаулық және қызметтік дайындық деңгейі ескеріледі.

10

10. Фармакологиялық қамтамасыз ету физикалық жүктемеден кейін спортшы организмін жылдам қалпына келтіруге және жұмысқа қабілетін жоғарылатуға бағытталған Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген фармакологиялық заттарды, ортомолекулярлық жиынтықтар мен биологиялық белсенді заттарды қолдануды ескереді.

11 11. Фармакологиялық қамтамасыз етуді құрастыру кезінде ескеріледі:

1 1) алдыңғы жылдары жүргізілген спорттық іс-шаралар кезінде анықталған спортшының аурушаңдығы мен жарақаттары жөніндегі дене шынықтыру және спорт ұйымдарындағы статистикалық ақпараттар;

2 2) бір жылдық шамада спортшының дәрілік заттарға, ортомолекулярлық жиынтықтар мен биологиялық белсенді заттарға қажеттілігі;

3 3) спорттық іс-шараларды жүргізу уақыты;

4 4) соңғы тиянақты жүргізілген медициналық тексеру нәтижесі бойынша спортшының денсаулық жағдайы жөніндегі мәлімет.

12 12. Спортшының спорттық мамандандырылуына және біліктілігіне сәйкес спортшының фармакологиялық қамтамасыз ету нормалары спорттың түріне сәйкес үйлестіріледі:

1 1) жылдамдық-күштік түрлері;

2 2) жекпе-жек сайыстары;

3 3) командалық және ойындық түрлері;

4 4) спорттың циклдік түрлері;

5 5) үйлестік түрлері.

12-1

12-1. Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша дәрілік заттарға, қалпына келтіру құралдарына, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттарға, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шығыс нормаларын белгілейді.

12-2

12-2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес cпорт іс-шараларына тартылатын медицина қызметкерлері арқылы оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

12-3

12-3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары осы Әдістемеге 3-қосымшамен көзделген cпорт іс-шараларына тартылатын медицина қызметкерлері арқылы оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.

13 13. Тағаммен және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерін анықтау мақсатында дене шынықтыру және спорт ұйымдарына қосымша медициналық қызметкерлер мен ғылыми топ жиынтығы жұмылдырылады.

1.1 Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшылардың тамақтану нормалары

Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-
шаралар кезеңінде спортшыларды, оның
ішінде барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық қорғау және
арнаулы мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тамақтандыру және
фармакологиялық қамтамасыз ету
нормативтерінің әдістемесіне
1-қосымша
Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын
спортшылардың тамақтану нормалары
р/с№
Спорт түр­ле­рі­нің ата­уы
1 адам­ға шақ­қан­да­ғы тәу­лік ішін­де­гі күш-қу­ат шы­ғы­ны, кал­ло­ри­я­мен
1 күн­ге 1 адам­ға ар­нал­ған азық-тү­лік­тің ор­та­ша нор­ма­сы, грам­мен
Бір адам­ға шақ­қан­да­ғы тәу­лік ішін­де­гі шы­ғыс нор­ма­сы, тең­ге
1.
Аши­ха­ра-ка­ратэ, ауда­ры­спақ, ба­тут­тық гим­на­сти­ка, би­ат­лон, бир­ма бокс, бокс, бел­беу кү­рес, ве­ло­си­пед спор­ты, ве­ло­си­пед спор­ты (тас жол), ве­ло­си­пед­тік мо­то­кросс (BMX), ве­ло­трек, ер­кін кү­рес, бай­дар­ка мен ка­но­эде есу, ака­де­ми­я­лық есу, есу сла­ло­мы, грек-рим кү­ре­сі, гр­эп­плинг (AIGA нұс­қа­сы), гр­эп­плинг UWW, джиу-джит­су, дзю­до, жек­пе-жек, әй­ел­дер кү­ре­сі, қа­зақ кү­ре­сі, ка­ратэ (WKF), шин­ки­о­ку­шин­кай ка­ратэ, кё­ку­шин бу­до­кай ка­ратэ, ка­ратэ-до ке­ку­шин, ка­ратэ-до шо­то­кан, кё­ку­син-кан ка­ратэ-до, ке­ку­шин­кай ка­ратэ, кик­бок­синг, ки­о­ку­шин­кай-кан ка­ратэ, ком­бат дзю-дзю­цу, конь­ки­мен жү­гі­ру спор­ты, же­ңіл ат­ле­ти­ка, шаң­ғы жа­ры­ста­ры, маун­тин­байк, мей­бу­кан год­зю-рю ка­ра­те-до, му­ай­тай (му­ай, тай бок­сы), пан­кра­ти­он, па­ра ве­ло­спорт, па­ра­ка­ратэ, па­ра дзю­до, пен­чак си­лат, жү­зу, ашық су­да жү­зу, су асты спор­ты, қо­ян-қол­тық ұрыс, спорт­тық гим­на­сти­ка, жа­уын­гер­лік жек­пе-жек­тің ара­лас түр­ле­рі (ММА), сно­уборд, спорт­тық сам­бо және жа­уын­гер­лік сам­бо, та­еквон­до ИТФ (I.T.F.), та­эк­ван­до WT, та­еквон-до GTF, ауыр ат­ле­ти­ка, уни­файт, ушу, фри­стайл, шорт-трек, Nomad MMA
7 000 дей­ін
Нан өнім­де­рі (ұн, ұн­ға есеп­те­ген­де­гі нан және ма­ка­рон, жар­ма­лар)
537
3 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін
Кар­топ
410
Әр­түр­лі кө­кө­ні­стер
548
Жас же­мі­стер, оның ішін­де
924
же­міс шы­ры­ны
114
кеп­ті­рі­л­ген же­мі­стер
43
Жаң­ғақ­тар (грек, мин­даль, фун­дук және бас­қа­лар) оның ішін­де
100
бал­мен грек жаң­ғақ­та­ры
43
Қант
150
Өсім­дік майы
46
Жұ­мырт­қа
52
Сүт өнім­де­рі (сүт, сүт­ке есеп­те­ген­де­гі ашы­ған сүт), оның ішін­де
2657
сүз­бе
42
қай­мақ
50
кі­ле­гей
15
ірім­шік
24
са­ры май
51
Ет өнім­де­рі
535
Ба­лық өнім­де­рі
195
Өзге өнім­дер (шай, ко­фе, ашыт­қы­лар, тұз, бұ­рыш және сол си­яқ­ты)
13
2.
Аль­пи­низм, аме­ри­кан­дық фут­бол, қол кү­ре­сі, әр­ті­стік жү­зу (үй­ле­сім­ді жү­зу), асық ату, аэроб­ты гим­на­сти­ка, бас­кет­бол, бас­кет­бол 3х3, би­атл, бо­ди­бил­динг, боч­ча, брей­кинг, су до­бы, во­лей­бол­ды оты­рып ой­нау, қол до­бы, гір спор­ты, гол­бол, гольф, тау шаң­ғы­сы спор­ты, жам­бы ату, ин­дорх­ок­кей, клас­си­ка­лық во­лей­бол, көк­пар, ла­зер-ран, шаң­ғы қос­сай­ы­сы, үстел тен­ни­сі, мұз­да­ғы хок­кей жұ­бы, жел­кен­ді қай­ық спор­ты, пау­эр­лиф­тинг, жа­ға­жай во­лей­бо­лы, тә­жі­ри­бе­лік ату, пре­зи­дент­тік көп­сай­ыс (по­ли­ат­лон), шаң­ғы­мен тұ­ғыр­дан се­кі­ру, ны­са­на көз­деу, рег­би, спорт­тық құз­ға өр­ме­леу, спорт­тық ту­ризм, спорт­тық бағ­дар­лау, стенд ату, са­дақ ату, жы­л­жы­ма­лы ны­са­на көз­деу, қа­зір­гі бес­сай­ыс, тен­ге ілу, тен­нис, три­атл, три­ат­лон, сем­сер­ле­су, конь­ки­мен мәнер­леп сыр­ға­нау, фут­бол, фут­зал, кө­гал­да­ғы хок­кей, до­пты хок­кей, шай­ба­лы хок­кей, чер­ли­динг, эс­те­ти­ка­лық топ­тық гим­на­сти­ка
5700 дей­ін
Нан өнім­де­рі (ұн, ұн­ға есеп­те­ген­де­гі нан және ма­ка­рон, жар­ма­лар және бұр­шақ­тар)
677
2,3 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін
Кар­топ
300
Әр­түр­лі кө­кө­ні­стер
621
Жас же­мі­стер, оның ішін­де
669
же­міс шы­ры­ны
143
қант
68
Өсім­дік майы
51
Жұ­мырт­қа
60
Сүт өнім­де­рі (сүт, сүт­ке есеп­те­ген­де­гі ашы­ған сүт), оның ішін­де
2908
сүз­бе
32
кі­ле­гей
4
қай­мақ
54
ірім­шік
24
са­ры май
69
Ет өнім­де­рі
401
Ба­лық өнім­де­рі
100
Өзге өнім­дер (шай, ко­фе, ашыт­қы­лар, тұз, бұ­рыш және сол си­яқ­ты)
17
3.
Авиа­ция спор­ты, ав­то­мо­то­спорт, бад­мин­тон, бәй­ге, би­льярд, вар­мин­тинг, дел­бе­ші спорт, кер­линг, ки­бер­спорт, ат спор­ты, ор­даб­а­сы, құ­с­бе­гі­лік, па­ра­лим­пи­а­да­лық мәнер­леп жү­ру, пе­танк, өрт сөн­ді­ру және өрт­тен құт­қа­ру, су­ға се­кі­ру, ра­дио­спорт, ша­на спор­ты, скейт­бор­динг, снай­пинг, пи­лон­да­ғы спорт, спорт­тық ак­ро­ба­ти­ка, көр­кем гим­на­сти­ка, спорт­тық ба­лық аулау, спор­тинг, ке­ме мо­дель­деу спор­ты, би спор­ты (спорт­тық би, қа­зір­гі за­ман­ғы би, ар­ба­да­ғы би, спорт­тық-би хо­рео­гра­фи­я­сы), то­ғыз­құ­ма­лақ, шах­мат, дой­бы
4900 дей­ін
Нан өнім­де­рі (ұн, ұн­ға есеп­те­ген­де­гі нан және ма­ка­рон, жар­ма­лар, бұр­шақ)
541
1,7 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін
Кар­топ
262
Әр­түр­лі кө­кө­ні­стер
544
Жас же­мі­стер, оның ішін­де
713
же­міс шы­ры­ны
114
Қант
92
Өсім­дік майы
47
Жұ­мырт­қа
51
Сүт өнім­де­рі (сүт, сүт­ке есеп­те­ген­де­гі ашы­ған сүт), оның ішін­де
2287
сүз­бе
42
қай­мақ
46
ірім­шік
15
са­ры май
48
Ет өнім­де­рі
417
Ба­лық өнім­де­рі
135
Өзге өнім­дер (шай, ко­фе, ашыт­қы­лар, тұз, бұ­рыш және сол си­яқ­ты)
7,3
Ескертпе: тамақтану нормалары спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер, спорт колледждері бойынша, сондай-ақ Спортты дамыту дирекциясының, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының штаттық ұлттық командаларының мүшелері - спортшылардың оқу-жаттығу сабақтары болмаған күндері осы Әдістеменің 1-қосымшасының 3-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тамақтану нормалары республикалық ұйымдар бойынша ең жоғары шығыстар бойынша қамтамасыз етіледі.
Спортшылардың тамақтану нормалары олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерімен ортақ атаулары бар паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлеріне қолданылады.

1.2 Оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша фармакологиялық заттардың, қалпына келтіру заттарының, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттардың, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалардың, медициналық мақсаттағы өнімдер мен химиялық реагенттердің шығыс нормалары

Оқу-жаттығу процесі мен спорттық
іс-шаралар кезеңінде спортшыларды,
оның ішінде барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық қорғау
және арнаулы мемлекеттік органдардың
қызметкерлерін тамақтандыру және
фармакологиялық қамтамасыз ету
нормативтерінің әдістемесіне
2-қосымша
Оқу-жаттығу процестеріне және спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша фармакологиялық заттардың, қалпына келтіру заттарының, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттардың, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалардың, медициналық мақсаттағы өнімдер мен химиялық реагенттердің шығыс нормалары
р/с

Спорт іс-ша­ра­ла­ры­ның ата­уы
Бір адам­ға шақ­қан­да­ғы тәу­лік ішін­де­гі шы­ғыс нор­ма­сы, тең­ге
1.
Об­лы­стық спорт іс-ша­ра­ла­ры
0,2 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін
2.
Рес­пуб­ли­ка­лық спорт іс-ша­ра­ла­ры
0,4 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін
3.
Дене шы­нық­ты­ру және спорт жө­нін­де­гі об­лы­стық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар өт­кі­зе­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның чем­пи­о­нат­та­ры мен ха­лы­қа­ра­лық жа­ры­стар­ға дай­ын­дық бой­ын­ша оқу-жат­тығу жиы­ны
0,7 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ке дей­ін
4.
Халықаралық спорт жарыстарына дайындық, жалпы дене даярлығы бойынша халықаралық спорт жарыстары, оқу-жаттығу жиындары, Қазақстан Республикасының ұлттық командалары үшін, кешенді тексерулер, арнайы жиындар.
1,5 айлық есептік көрсеткішке дейін

1.3 Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар ТІЗБЕСІ

Оқу-жаттығу процесі мен
спорттық іс- шаралар кезеңінде
спортшыларды, оның ішінде
барлық санаттағы әскери
қызметшілерді және құқық қорғау
және арнаулы мемлекеттік
органдардың қызметкерлерін
тамақтандыру және фармакологиялық
қамтамасыз ету нормативтерінің
әдістемесіне
3-қосымша
Оқу-жаттығу процестері мен спорт іс-шараларына қатысатын спортшыларға арналған қалпына келтіру заттары, витаминді, ақуыз-глюкозалы препараттар, спорт бағытындағы биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар
ТІЗБЕСІ
р/с

Атауы
1. Базалық қамтамасыз ету құралдары
1.1
Витаминді-минералдық кешендер (витаминдер, күрделі және аралас витаминді-минералдық кешендер, темір препараттары, жеке витаминдер және минералдар)
1.2
Адаптогендер және іс-қимылды жалпы нығайтатын заттар
1.3
Иммунокорректорлар (иммуномодуляторлар)
1.4
Антиоксиданттар
1.5
Антигипоксанттар, коферменттер
1.6
Микроайналымдарды реттеудің вазобелсенді құралдары және қан реологиясын, қанның ұйығыштығын реттеу құралдары
1.7
Жүрек бұлшық етін қорғайтын заттар (кардиопротекторлар, кардиометаболиктер)
1.8
Бауыр жұмысын қорғайтын заттар (гепатопротекторлар, холеретиктер, холекинетиктер)
1.9
Байланыс-буын аппаратын және сүйек талшықтарын қорғау және қалпына келтіру заттары (хондропротекторлар, коллаген)
1.10
Энзимдер және ферменттер
1.11
Сыныптық қанықпаған майлы қышқлдар (Омега 3 – Омега 6 және фосфолипидтер – лецитин)
1.12
Пробиотиктер, пребиотиктер
2. Пластикалық бағыттылық заттары
2.1
Протеинді қоректену заттары (мамандандырылған клиникалық тамақтану, ақуыз және көмірсутегі қоспалары, протеиновые снектер және батончиктер, протеинді, ақуызды және ақуызды-көмірсутекті сусындар)
2.2
Аминокислоттар (кешенді, ВСАА)
2.3
Ақуызды және ақуызды-көмірсутекті сусындар
2.4
Анаболикалық тура және жанама әрекетті рұқсат етілген заттар
3. Энергетикалық бағыттағы заттар
3.1
Лактат-ацидоза реттеушісі және буферлі жүйені кеңейту заттары
3.2
Көмірсутекті және липидті (майлы) алмасу заттары
3.2
Макроэргиялық және құрамында креатин бар заттар (фофокреатин, фруктоза-1,6-дифосфат натрий тұзы, көліктік креатин, рибоза)
3.3
Аэробты шыдамдылықты және жұмыс қабілетін арттыратын заттар (ақ кристалды ұнтақ және изолимонды қышқыл, карнозин, Л-карнитин, коэнзим Q10, аргенинді таурин, цитруллин)
3.4
Көмірсутегін жүктеу заттары және күш-қуат шығынын шұғыл қалпына келтіретін заттар (гипотониктер, изотониктер, цитратты көмірсутектер және бикарбонатты негіздер, жеңіл сіңірілетін және ұзақ тізбекті көмірсутектері, ақуыз-көмірсутекті сусындар, орташа ұзындықты тізбекті триглицеридтер)
3.5
Несепнәр деңгейін реттейтін заттар
3.6
Психофизиологиялық реакцияларды және энергетиканы ынталандырушы (гуарана, кофеин)
4. Мамандандырылған заттар
4.1
Нестероидті қабынуға қарсы заттар
4.2
Ангиопротекторлар
4.3
Жүйке-психикалық мәртебені және ОЖЖ қорғауды реттейтін заттар (ноотроптар, нейропротекторлар, седативті препараттар)
4.4
Көздің көруін қалыпна келтіру заттары (каротиноидтер)
4.5
Антианемикалық препараттар
4.6
Су, электролиттік және негізгі-қышқылдық теңгерімді дұрыстау үшін қолданылатын ерітінділер
4.7
Бүйректің микроайналымын жақсартатын уроантисептиктер және препараттар
5. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ-тар)
5.1
ББҚ-тар – бальзамдар, шайлар, жиынтықтар
5.2
ББҚ-тар – ақуыздар, аминокислоттар және олардың туындылары
5.3
ББҚ-тар – антиоксиданттар, антигипоксанттар
5.4
ББҚ-тар – гейнерлер, энергетиктер
5.5
ББҚ-тар – хондропротекторлар
5.6
ББҚ-тар – витаминді-минералдық кешендер, дәрумен тәәрізді заттар және коферменттер
5.7
ББҚ-тар – табиғи метаболиттер
5.8
ББҚ-тар – майлар, май тәріздес заттар және оның туындылары
5.9
ББҚ-тар – макро- және микроэлементтер
5.10
ББҚ-тар – полифенолді қоспалар
5.11
ББҚ-тар – пробиотиктер және пребиотиктер
5.12
ББҚ-тар – орман шаруашылығының өнімдері
5.13
ББҚ-тар – өсімдік, жануар, минералдық текті өнімдер
5.14
ББҚ-тар – көмірсулар және оларды қайта өңдеу өнімдері, батончиктер және сусындар
5.15
ББҚ-тар – өсімдік, микробтекті ферменттер
5.16
Басқа ББҚ-тар
6. Жақпамайлар және майлар
6.1
Спорттық массаж заттары
6.2
Сезгіш жүйке нүктелері маңында әсер ететін заттар
7. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен химиялық реагенттер
7.1
Таңғыш дәке
7.2
Жеке орамадағы мақта
7.3
Лейкопластырь
7.4
Бактерицидті пластырь
7.5
Латексті зарарсыздандырылмаған қолғаптар
7.6
Латексті зарарсыздандырылған қолғаптар
7.7
Нитрилді көк қолғаптар
7.8
Иммобилизациялық шиналар
7.9
Бір рет пайдаланылатын шприц
7.10
Инсулин шприці
7.11
Бір рет пайдаланылатын көктамырға енгізетін инфузияға арналған жүйе
7.12
Бір рет пайдаланылатын «көбелек» көктамырға енгізетін инфузияға арналған жүйе
7.13
Сыртқы аппликациялық гемостатикалық заттар
7.14
Тейптер
7.15
Химиялық реагенттер

2 Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 107 бұйрығына
2-қосымша
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Спорттық iс-шараларға қатысушылардың тамақтану нормаларын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 06-2-2/208 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 2007 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2002 ж., № 45-46, 740-құжат).

2

2. «Спорттық іс-шараларға қатысушыларға берілетін фармакологиялық қалпына келтіру құралдары, витаминдер және белоктық-глюкозалық препараттар туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 2002 жылдың 11 қыркүйегіндегі № 06-2-2/209 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 2008 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2002 ж., № 45-46, 736-құжат).

3 3. «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 маусымдағы № 06-2-2/197 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 2903 тіркелген).

Қолданыстағы