Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения о мерах по регулированию доступа на рынки государств-участников Таможенного союза товаров и услуг из третьих стран

Қаулы · № 465 · қабылданған 06.04.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8586/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения о мерах по регулированию доступа на рынки государств-участников Таможенного союза товаров и услуг из третьих стран Қолданыста Қаулы ·№ 465 ·06.04.2001
24.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения о мерах по регулированию доступа на рынки государств-участников Таможенного союза товаров и услуг из третьих стран

Қолданыста Қаулы ·№ 465 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения о мерах по регулированию доступа на рынки государств-участников Таможенного союза товаров и услуг из третьих стран
Атауы (қаз.)
Үшінші бір елден тауарлар мен қызметтердің Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің рыноктарына кіруін реттеу жөніндегі шаралар туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
465
Қабылданған күні
06.04.2001
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI8586_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000465_
ЭКБ идентификаторы
8586
Редакция идентификаторы
AI8586_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:53

0 Үшінші бір елден тауарлар мен қызметтердің Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің рыноктарына кіруін реттеу жөніндегі шаралар туралы келісімді бекіту туралы

📌 Ескерту. Келісімнің қолданысы тоқтатылды - ҚР 24.12.2014 № 266-V Заңымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. 2000 жылғы 6 қазанда Астана қаласында жасалған Үшінші бір елден тауарлар мен қызметтердің Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің рыноктарына кіруін реттеу жөніндегі шаралар туралы келісім бекітілсін.

2 Yшiншi бiр елден тауарлар мен қызметтердiң Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң рыноктарына кiруiн реттеу жөнiндегi шаралар туралы КЕЛIСIМ

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Yшiншi бiр елден тауарлар мен қызметтердiң
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң рыноктарына
кiруiн реттеу жөнiндегi шаралар туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Беларусь Республикасы Yкiметi, Қазақстан Республикасы Үкiметi, Қырғыз Республикасы Yкiметi, Ресей Федерациясы Yкiметi және Тәжiкстан Республикасы Yкiметi,
Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа жақтаушылықты растай отырып,
Тараптар арасындағы Кеден одағына қатысушы бiр мемлекеттiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiнiң Кеден Одағына қатысушы басқа мемлекеттердiң (бұдан әрi мәтiн бойынша - мемлекеттiң) аумағында өзара рынокқа шығу мүмкiндiктерi үшiн шарттарды ырықтандыруды көздейтiн барлық келiсiмдер мен уағдаластықтарды толық көлемде орындауды қамтамасыз етуге ұмтылыс бiлдiре отырып,
мұндай ырықтандыру үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiнiң мемлекеттiң iшкi рыноктарына шығуын реттейтiн ұлттық жүйелер үшiн залалсыз жүзеге асырылуы тиiс деп есептей отырып,
Тараптардың үшiншi елдердiң тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер рыноктарының қолдампаздық деңгейлерiндегi оларға қатысты орын алып отырған айырмашылықтарын пайдалануы себептi туындайтын экономика үшiн жағымсыз салдарларын болдырмау немесе барынша азайту қажеттiгiн мойындай отырып,
Келiсiм үшiншi елдерге қатысты мемлекеттердiң сауда-экономикалық режимдерiн жақындату және ең ақырында сәйкестендiру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге тиiс екендiгiн шамалай отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1 1-бап

1 1. Осы Келiсiмнiң ережелерi мемлекеттер арасында Кеден одағы шеңберiнде қолданылатын уағдаластықтармен көзделмеген жағдайларда қолданылады.

Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерi деп үшiншi елдерде шығарылатын тауарлар және Кеден одағы мемлекеттерiнiң бiрiнің аумағы арқылы үшіншi елдердiң экономикалық операторларының қатысуымен өндiрiлетiн және/немесе өткiзiлетiн қызмет көрсетулер ұғылады.
Тараптар бұл ретте Кеден одағы шеңберiнде қолданылатын тауарлар шығарылған елдi анықтау ережелерiн басшылыққа алады.

2

2. Тараптар мемлекеттер аумағына үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiн жеткiзу шарттарына қатысты бiрыңғай нормаларды, ережелердi, рәсiмдердi, тарифтердi енгiзгенге және кез келген басқа да шараларды толық сәйкестендiргенге дейiн әрбiр Тарап өзiнiң аумағына үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiн жеткiзу жөнiнде ол қолданатын шараларды орағытып өтуді болдырмауға бағытталған шаралар қолдануға құқылы.

3

3. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн шаралар мынадай тәртiппен белгiленсiн: тартылған мемлекеттерге қатысты кемсiтушiлiксiз негiзде, осы Келiсiммен көзделген тәртiппен және шарттармен қолданылатын, бiр мемлекеттiң рыноктарына басқа мемлекеттерден тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер жеткiзудi шектеу жөнiндегi шаралар.

4 4. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн көрсетiлген шараларды енгiзудiң мазмұны мен тәртiбi мынадай тәртiппен айқындалады:

а

а) осы баптың ережесiне сәйкес шаралар үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiнiң мемлекеттердiң iшкi рыноктарына шығу шарттарында нақты айырмашылықтар болған жағдайда ғана қолданылады, бұл ретте олардың мазмұны осы айырмашылықтардан туындаған жағымсыз экономикалық салдарларды жоюға немесе барынша азайтуға бағытталуы тиiс;

б б) көрсетiлген шараларды енгiзудiң алдында экономикалық салдарлардың аясын, себептерi мен көлемiн нақты анықтау үшiн мүдделi Тараптардың консультациялары болып өтуi тиiс;

в

в) көрсетiлген шараларды енгiзу Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясының Мемлекетаралық Кеңесi жанындағы үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 20 шешiмiмен бекiтiлген, үкiметтердiң Кеден одағы мәселелерi жөнiндегi жобаларды келiсе және шешiмдер қабылдау тәртібi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады;

г г) енгiзiлетiн шаралар уақытша сипатқа ие және осы баптың а) тармағында көрсетiлген айырмашылықтарды жойғанын немесе Тараптар өзара қолайлы уағдаластыққа қол жеткiзгеннен кейiн дереу жоюға жатады;

д

д) осы баптың 2-тармағына сәйкес оған қатысты шаралар енгізiлген мемлекет олардың күшiн жою немесе жұмсарту мүмкіндiктерiн талқылау мақсатында консультациялар өткiзуге ынтагерлiк бiлдiруге құқылы. Бұл ретте көрсетiлген шараларды енгiзген мемлекет осы ұсынысты алған күннен бастап бір айлық мерзiмде осы консультацияларға кiрiсуi тиiс.

2 2-бап

Тараптың қабылдайтын шараларын орағытып өтудi болдырмау деп оның әдетте Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттерге туғызатын жағдайларына ұқсас, үшiншi елдердiң тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтерiне осы Тараптың өз рыногына шығуға жағдай туғызудан бас тарту құқығы ұғылады.

3 3-бап

Тараптар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетi (бұдан әрi - Интеграциялық комитет) арқылы үшiншi елдердiң экономикалық операторларының мемлекеттердiң рыноктарына шығу мүмкiндiгi жөнiнде қолданылатын шараларды орағытып өту әрекеттерi туралы, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1-бабының ережелерiне сәйкес қабылданатын шаралар туралы тұрақты ақпарат алмасып тұратын болады.

4 4-бап

Тараптардың кез келгенi депозитарий болып табылатын Интеграциялық Комитетке өзiнiң ой-ниетi туралы шығуынан кем дегенде алты ай бұрын жазбаша ескерту жолдай отырып, осы Келiсiмнен шығуға құқылы.

5 5-бап

Осы Келiсiм Тараптар ұлттық заңнамаға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қол қойған күннен бастап уақытша қолданылады және депозитарийдiң қажеттi мемлекетiшiлiк ресiмдердiң орындалғаны туралы Тараптардан соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiмнiң түпнұсқалық данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, ол осы Келiсімге қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Астана қаласында 2000 жылғы 6 қазанда орыс тілінде бір данада жасалды.
Беларусь Республикасы
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасы
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясы
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасы
Үкіметі үшін

Қолданыстағы