Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе при местных исполнительных органах по содействию деятельности учреждений и органов, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о консультативно-совещательном органе при местных исполнительных органах по содействию деятельности учреждений и органов, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 853
- Қабылданған күні
- 28.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2023 85864_629236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0010050
- ЭКБ идентификаторы
- 85864
- Редакция идентификаторы
- 85864_629236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:45
0
Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексiнiң 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ереже бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ереже
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 853 бұйрығымен
бекітілген
Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрі – консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
2
2. Консультациялық-кеңесші орган қылмыстық жазалар өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерi қызметінiң мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылады.
2 2-тарау. Консультациялық-кеңесші органның мiндеттерi
3 3. Консультациялық-кеңесші органның негізгі мiндеттерi:
қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының және мекемелерiнiң қызметiне көмек көрсету;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
сотталғандардың еңбегін, оның iшiнде бас бостандығынан айыру түрiнде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсiпорындардың қажеттіліктері үшiн қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерінің жанындағы өндiрiстi дамытуды ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерi мен кәсіпорындарын Кодекске сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен өңiрлiк және жергілiктi маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң консультациялары мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени iс-шараларды ұйымдастыруға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорларын толықтыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4 4. Қазақстан Республикасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды және зейнеткерлерді мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға арналған үйлерге орналастыруды ұйымдастыру;
сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің уақтылы және дұрыс шешуіне көмек көрсету;
жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері комиссиясының қызметіне қатысуы;
сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді ұйымдастыру;
қылмыстық жаза қолдану тәртібінде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бөлу бойынша көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды да қарау жатады.
3 3-тарау. Консультациялық-кеңесші органның функциялары
5 5. Консультациялық-кеңесші орган:
1 1) мемлекеттiк органдарға құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
2 2) мемлекеттiк органдардан консультациялық-кеңесші органның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты, материалдарды сұратады және алады;
3 3) заңнамада белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелеріне, түзеу жұмыстарындағы сотталғандардың жұмыс орындарына, мерзiмiнен бұрын шартты түрде, шартты түрде босатылғандарға және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдарға барады;
4 4) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің басшыларын, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын консультациялық-кеңесші органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша алайда жылына кемінде екi рет тыңдайды.
4 4-тарау. Консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру
6
6. Консультативтік-кеңесші органның құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында басқаруды және үйлестiрудi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы орган басшыларының, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады.