Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по Зыряновскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по Зыряновскому району
- Атауы (қаз.)
- Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/5-V
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2018 85978_318183.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VL003635
- ЭКБ идентификаторы
- 85978
- Редакция идентификаторы
- 85978_318183
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:23
0 Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1- қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Зырян ауданының аумағындағы елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері 2- қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3 3. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып Зырян қаласы анықталсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Зырян ауданының
мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 36/5-V шешіміне
1- қосымша
Зырян ауданы бойынша
автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р/с
Автотұрақтар (паркингтер)
Санаттары
1
Жер бетіндегі жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер), ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2
Басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар (паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар
2 санат
3
Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жер үсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер)
3 санат
6 Зырян ауданының аумағындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлердің базалық салық мөлшерлерін ұлғайту туралы
Зырян ауданының
мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 36/5-V шешіміне
2- қосымша
Зырян ауданының аумағындағы автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлердің базалық салық мөлшерлерін ұлғайту туралы
№
р/с
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Базалық мөлшерлерінің ұлғаюы
1
1 санат
10 есе
2
2 санат
9 есе
3
3 санат
8 есе