О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны и решения маслихата города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны и решения маслихата города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына және Астана қаласы мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110-2043
- Қабылданған күні
- 04.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2014 86044_57811.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ABW00876
- ЭКБ идентификаторы
- 86044
- Редакция идентификаторы
- 86044_57811
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:42
0 Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына және Астана қаласы мәслихатының шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Астана қаласы әкімдігінің қаулыларына және Астана қаласы мәслихатының шешімдеріне қосымшаға сәйкес мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулыда және шешімге қосымшада көрсетілген Астана қаласы әкімдігі қаулыларының және Астана қаласы мәслихаты шешімдерінің преамбулаларындағы «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына» деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 110-2043 қаулысына және
Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 312/45-V шешіміне
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір Астана қаласы әкімдігі
қаулыларының және Астана қаласы мәслихаты шешімдерінің
тізбесі
1
1. «Астана қаласының даңғылдары, көшелері мен басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау және біріктіріп атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 60 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 33/6-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 23 қаңтарда № 483 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 ақпандағы № 13 «Астана хабары» және 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 10 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2
2. «Астана қаласының жаңа әкімшілік орталық көшелеріне және магистральға атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 61 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 46/7-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 23 қаңтарда № 484 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 ақпандағы № 13 «Астана хабары» және 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 10 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
3
3. «Астана қаласы «Өндіріс», «Железнодорожный», «Промышленный», «Интернациональный», «Пригородный» тұрғын алаптарының жекелеген көшелерін қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 62 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 45/7-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 23 қаңтарда № 485 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 ақпандағы № 13 «Астана хабары» және 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 10 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
4
4. «Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 мамырдағы № 63 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы № 97/15-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 9 маусымда № 536 болып тіркелген, 2008 жылғы 14 маусымдағы № 71 «Астана хабары» және 2008 жылғы 14 маусымдағы № 71-72 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
5
5. «Астана қаласының № 103 көшесіне атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 67 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 148/23-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 8 қазанда № 550 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қазандағы № 120 «Астана ақшамы» және 2008 жылғы 11 қазандағы № 123 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
6
6. «Астана қаласының жекелеген көшелерін қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 маусымдағы № 69 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 231/36-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 30 маусымда № 583 болып тіркелген, 2009 жылғы 2 шілдедегі № 72 «Астана ақшамы» және 2009 жылғы 2 шілдедегі № 78 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
7
7. «Астана қаласы тұрғын алаптары мен шағын аудандарының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 74 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 287/42-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 20 қаңтарда № 611 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 8 «Астана ақшамы» және 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 10 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
8
8. «Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 75 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 351/46-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 30 сәуірде № 624 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 мамырдағы № 46 «Астана ақшамы» және 2010 жылғы 1 мамырдағы № 49 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
9
9. «Астана қаласының жекелеген көшелеріне және саябағына атау беру және кейбір көшелерді қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 76 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 360/48-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 3 шілдеде № 637 болып тіркелген, 2010 жылғы 10 шілдедегі № 74 «Астана ақшамы» және 2010 жылғы 10 шілдедегі № 79 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
10
10. «Астана қаласының көшесіне атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 78 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 19 қазандағы № 503/71-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 14 қарашада № 696 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашадағы № 132 «Астана ақшамы» және 2011 жылғы 17 қарашадағы № 137 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
11
11. «Астана қаласының көшесіне атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 80 қаулысыжәне Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 4/1-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 13 ақпанда № 714 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Астана ақшамы» және 2012 жылғы 16 ақпандағы № 19 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).