Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Федоровского района

Қаулы · № 457 · қабылданған 15.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86076/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Федоровского района Күшін жойған Қаулы ·№ 457 ·15.12.2014
22.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Федоровского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 457 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Федоровского района
Атауы (қаз.)
Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
457
Қабылданған күні
15.12.2014
Көрсетілген редакция
22.12.2017 86076_267875.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NT005322
ЭКБ идентификаторы
86076
Редакция идентификаторы
86076_267875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:34

0 Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына, 31, 211-баптарына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.К. Баямбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Федоров ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 457
қаулысымен бекітілген
Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп пайдалану қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық  кодексіне, Қазақстан Республикасының, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Федоров ауданының коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін анықтайде

2 2. Жануарларды ұстаған және пайдаланған тұлға оларды меншікке сатып алудан бас тартқан жағдайда, олар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түседі және осы Қағидаға сәйкес пайдаланылады.

2 2. Жануарлардың Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі

3 3. Қараусыз қалған жануарлардың Федоров ауданының коммуналдық меншікке келіп түскен қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

Қабылдау-беру актісі, жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім), «Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ветеринария бөлімі) және «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы бекітеді.
Қабылдау-беру актісінде міндетті түрде Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен түсетін жануарлардың тұқымы, түр - түсі, жынысы, күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.

4 4. Балансқа алу жануарларды бағалау жүзеге асырылған соң қабылдау-беру актісі негізінде жүргізіледі.

3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекіту

5

5. Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін, жануарлар аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тиісті әкім аппаратының балансына бекітіледі. Балансқа алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі

7

7. Федоров ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарлар «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.

5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

8

8. Жануарлар Федоров ауданының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, сол жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар анықталған жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органмен келісімімен, ал келісімге келімеғен кезде жағдайда сот шешімімен қайтарылуға жатады.

9 9. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің, оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.

10

10. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен немесе басқа меншік иесіне өтеусіз беріліп кеткен жағдайда, жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда, жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының көлемі шегеріледі.

11 11. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді.

6 6. Қорытынды ережелер

12 12. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.

13 13. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату бойынша шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

14 14. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы