Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Красноярского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Красноярского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Красный Яр селолық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-32/3
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2017 86111_186901.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BA004612
- ЭКБ идентификаторы
- 86111
- Редакция идентификаторы
- 86111_186901
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:23
0 Красный Яр селолық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Красный Яр селолық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Красный Яр селолық округінің әкімі
_______________Б.Әбуов
2014 жылғы «24» желтоқсан
3 Көкшетау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ С-32/3 шешімімен бекітілген
Красный Яр селолық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Красный Яр селолық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзiрлендi және Красный Яр селолық округіндегі көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2 2. Красный Яр селолық округінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Красный Яр селолық округінің әкімі шақырады.
Көкшетау қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Селолық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Красный Яр селолық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Красный Яр селолық округінің, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Красный Яр селолық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Красный Яр селолық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 % мөлшеріндегі құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.