Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный

Ереже · № С-32/4 · қабылданған 24.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86114/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный Күшін жойған Ереже ·№ С-32/4 ·24.12.2014
18.04.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный

Күшін жойған Ереже ·№ С-32/4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный
Атауы (қаз.)
Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-32/4
Қабылданған күні
24.12.2014
Көрсетілген редакция
18.04.2017 86114_186811.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BA004613
ЭКБ идентификаторы
86114
Редакция идентификаторы
86114_186811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:23

0 Станционный поселкесінің

бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына  сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Станционный поселкесінің әкімі
Е.Байдалин

3 Көкшетау қалалық мәслихатының

2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№С-32/4 шешімімен бекітілген
Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзiрлендi және Станционный поселкесіндегі көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Станционный поселкесінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Станционный поселкесінің әкімі шақырады.

Көкшетау қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Поселке, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді

Станционный поселкесінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Станционный поселкесінің, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Станционный поселкесінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Станционный поселкесінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін поселке, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын поселке аумағындағы поселкесінің көшенің, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 % мөлшеріндегі құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Станционный
поселкесінің көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Станционный поселкесінің әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы