О правилах работы мелкорозничой торговой сети Күшін жойған
Басқа 0
Ұсақ бөлшек сауда жүйесі жұмысының ережесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 1 ақпандағы № 16/225-III шешімімен.
Тармақ 26
"Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6
бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұсақ бөлшек сауда жүйесі жұмысының
ережесі бекітілсін (қосымша берілген).
Тармақ 2
2. Осы ереже 2001 жылдың 1 сәуірінен
енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы ереже "Дидар" және
"Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жариялансын.
Тармақ 4
4. Осы ереженің орындалу тәртібі сауда және
қызмет Департаментіне жүктелінсін.
Басқа 6. САҚ БӨЛШЕК САУДА ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ
БЕКІТІЛДІ
Шығыс Қазақстан
облыстық Мәслихатының
2001 жылғы 27 наурыздағы
№ 8/10-ІІ шешімімен
САҚ БӨЛШЕК САУДА ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТӘРТІБІ
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Ұсақ бөлшек
сауда деп тауарлардың стационарлы орнатылған палаткаларда, дүңгіршектерде,
тасып (арбашалар, автоматтар, фургондар) және таратып (лотоктар, корзиналар және
т.б.) саудалаудың жылжымалы құралдары, сауда автоматтары арқылы азық-түліктік және
азық-түліктік емес сату түсініледі.
Тармақ 2
2. Ұсақ бөлшек сауда жүйесі арқылы азық-түліктік
және азық-түліктік емес тауарларды, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін сатылады.
Бір ұсақ бөлшек сауда кәсіпорнында азық-түліктік және азық-түліктік емес
тауарларды аралас сауда жасауға тыйым салынады. Ұсақ бөлшек сауда кәсіпорындары
үшін тауарлардың ассортименті кәсіпорын иесімен белгіленеді және мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілуі тиіс.
Тармақ 3
3. Ұсақ бөлшек сауда жүйесі арқылы сауда
жасауға тыйым салынады:
тігін бұйымдары, тон бұйымдары, жоғарғы
трикотаж, маталар, аяқ-киім (киіп көруді қажет етпейтін бұйымдардан, үйде
киетін аяқ-киім және тоқыма бұйымдарынан басқа);
күрделі техникалық бұйымдары;
алтыннан және күмістен жасалған бұйымдар;
алкогольді ішімдіктер;
тез бұзылатын азық-түлік тауарлары.
Тармақ 2. 2. ҰСАҚ БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫН АШУ ТӘРТІБІ
2. ҰСАҚ БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫН АШУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4
4. Сауда дүңгіршектерін, палаткаларды, павильондарды орналастыру және ашу 27
маусым 2000 жылғы № 4/4-ІІ Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімімен
бекітілген мемлекеттік санитарлық қадағалау, мемлекеттік өрт бақылау
органдарының бекітуі бойынша және олардың орналасу үлгісі атқарушы органдарымен
бекітіліп, Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің құрылыс салу Ережелері
сақталып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тасып (арбашалар, автоматтар, фургондар) және
таратып (лотоктар, корзиналар және т.б.) саудалаудың жылжымалы құралдары арқылы
сауда елді мекендердің жалпылай пайдаланылатын жерлерде (ондай сауда жергілікті
атқарушы органдарымен тікелей тыйым салынған, бекітілген тәртіпте заңды тұлғаларға
белгіленген, сондай-ақ алаңдардың, көшелердің, жолдардың өтетін жерлері және қоғамдық
көліктердің жолаушы аялдамаларынан басқа) ондай сауда жолаушылардың жүруіне бөгет
жасамайтын, тұрғын үйлердің тұрғындарына ыңғайсыз жағдайлар туғызбайтын жағдайларда,
санитарлық талаптары сақтала отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ұсақ бөлшек сауда кәсіпорындарының жұмыс
мерзімі кәсіпорын иелерімен бекітіледі.
Тармақ 3. 3. ҮЙ-ЖАЙ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАРҒА
ТАЛАПТАР
3. ҮЙ-ЖАЙ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАРҒА
ТАЛАПТАР
Тармақ 7
7. Палаткалар,
дүңгіршектер бір типтес болуы тиіс, екі тілде (мемлекеттік және орыс) жазылған
типтік маңдайшалары болуы керек. Көрнекі жерде жұмыс мерзімі мен сатушының
фамилиясы белгіленген кесте ілінеді. Тасып және таратып сату құралдарында осы
сауда точкасының иесі көрсетілген жазу болуы тиіс.
Тармақ 8
8. Әр ұсақ бөлшек сауда кәсіпорыны өзіне сәйкес құрал-саймандармен
және жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Ұсақ бөлшек сауда жүйесінің таразы-өлшегіш
құралдары түзу болуы керек және уақытында мемлекеттік стандарт органдарында
тексерілуі тиіс.
Тармақ 9
9. Азық-түлік сататын палаткаларда, дүңгіршектерде
сәкілер мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат
етілген клеенкамен, пластикпен немесе басқа су өтпейтін материалдармен жабылуы
керек.
Тармақ 10
10. Таратып сату құралдары жиналатын
тіреулермен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаймалар, себеттер көпірлердің үстіне,
жерге немесе аяқжолдарға қоюға тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Тек қана картопты шашып сауда жасауға
рұқсат беріледі.
Тармақ 12
12. Ішімдіктерді құйып сатуға арналған
автоматтар қоқым түсуден қорғайтын жабдығы бар стакан жуғыштармен қамтамасыз
етіледі. Стакан жуғыш стакандарды бір мезгілде сыртқы және ішкі жағынан жууды қамтамасыз
етуі тиіс, су қысыммен берілуі керек.
Тармақ 4. 4. САУДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ
ТАУАРЛАРДЫ САТУ ТӘРТІБІ
4. САУДАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ
ТАУАРЛАРДЫ САТУ ТӘРТІБІ
Тармақ 13
13. Сатуға арналған барлық азық-түліктік және
азық-түліктік емес тауарларда екі тілде (мемлекеттік және орыс) тауардың аты,
сорты, даналық тауарлар үшін өлшемі жазылуы тиіс.
Тармақ 14
14. Міндетті түрде сертификацияға жататын
тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаты немесе
олардың көшірмесі болуы керек.
Тармақ 15
15. Тауарларды сату таза салмақпен және
толық өлшеммен жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Ұсақ бөлшек сауда жүйесінде тауарларды
қабылдау, сақтау және сату тауарлардың жеке түрлерімен бөлшек сауда тәртіптерін
сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Сатып алушыларға қызмет көрсеткен
кезде ұсақ бөлшек сауда жүйесінің қызметкерлері бөлшек сауданың негізгі
ережелерін, сатып алушыларға қызмет көрсету ережелерін орындауы тиіс.
Тармақ 5. 5. САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР
5. САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР
Тармақ 18
18. Ұсақ бөлшек
сауда жүйесінің стационарлы орнатылған кәсіпорындарында ыдыс (тара) сақтау үшін
қосалқы бөлме, тауарлардың күндізгі қорына арналған қоймасы болуы керек.
Кәсіпорынның жанында ыдысты (тараны) сақтау
немесе азық-түлікті сақтауға болмайды.
Тармақ 19
19. Әр ұсақ бөлшек сауда жүйесінің стационарлы кәсіпорнында
қол жуғыш, сабын, орамал болу керек. Қоқым мен қоқыр-соқыр жинау үшін қақпағы
бар педальді шелек болу тиіс. Сатушының жеке заттарын сақтау үшін шкаф немесе
орын бөлінуі қажет. Жылдың суық мерзімінде сатушының жұмыс орнында температура
18 градустан төмен болмау керек.
Тармақ 20
20. Тағам азықтарын сататын дүңгіршектер
мамандандырылған болуы керек, яғни сатып алушыларға бір түрлі тағам азықтарын
сатуы тиіс.
Палаткаларда сақтау мен сату жағдайлары болған
жағдайда ғана азық- түлікті аралас сауда жасауға болады.
Тармақ 21
21. Ыстық дайын тағамдар (пирожки, беляш,
чебурек, котлеттер және т.б.) изотермиялық немесе жылынатын ыдыстардан,
арбашалардан сатылуы керек. Суытылған тағамдар (балмұздақтар, аяздатылған тағамдар,
жүзімдер мен жидектер) изотермиялық және суытылатын ыдыстардан, арбашалардан
сатылуы керек. Бөлшектеп өлшеп қойылмаған азық-түліктерді сатып алушыларға қағаз
салфеткаларда немесе пакеттерде сатылуы керек.
Тармақ 22
22. Жұмыс аяқталған соң тасып және таратып сату құралдары
базалық кәсіпорынға қайтарылып, санитарлық өңдеуден өтуі керек, сатылмаған азық-түлік
кәсіпорынға сақтауға беріледі.
Тасып және таратып сату құралдары мен сатылатын
тағам азық- түліктері сатушының үйінде сақталуына тыйым салынады.
Тармақ 23
23. Ұсақ бөлшек сауда жүйесінің сатушысы
міндетті:
Тармақша 1
1) палаткаларды, дүңгіршектерді, дүкеншіктерді,
автофургондарды, контейнерлерді, арбашаларды, жаймаларды, сондай-ақ өз
территориясын тазалықта ұстау керек;
Тармақша 2
2) сататын тағам азығының сапасын қарап, олардың
қауіпсіздігіне күмәнданған жағдайда сатуды доғарып, базаға, дүкенге акт
толтырып, қайтарып беру керек;
Тармақша 3
3) сату мерзімі мен тағам азықтарын сату
ережесін қатал сақтап, сату кезінде қысқыш, қалақ, күрекшелерді қолдануы тиіс;
Тармақша 4
4) азық-түлікті кірленуден сақтауы керек;
Тармақша 5
5) таза киініп, шашы таралып, белгіленген үлгідегі
таза санитарлы киім киюге, арнайы бас киім, кеудесінде фирманың таңбасы болуы
керек;
Тармақша 6
6) жеке гигиена ережесін қатал сақтауға, үзілістерден
кейін қолын жуып отыруға.
Тармақ 24
24. Ұсақ бөлшек сауда стационарлы жүйесінің
сатушысы санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау медициналық кітапшасы,
санитарлық журнал және азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын кәсіпорын
құжаты болуы керек.
Тармақ 6. 6. ҰСАҚ БӨЛШЕК САУДА ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН
БАҚЫЛАУ
6. ҰСАҚ БӨЛШЕК САУДА ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН
БАҚЫЛАУ
Тармақ 25
25. Әр ұсақ бөлшек
сауда жүйесі кәсіпорнында тұтынушының ең бірінші талабы бойынша ұсынылатын
арыздар мен ұсыныстар кітабы, сондай-ақ бақылау органдарының тексерулерін
есепке алу журналы болуы керек.
Тармақ 26
26. Ұсақ бөлшек сауда жүйесі кәсіпорнының жұмысына
бақылау Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген органдармен жүзеге асырылады.