Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 08-1-1-1/648 · қабылданған 23.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86165/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-1-1-1/648 ·23.12.2014
08.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 08-1-1-1/648 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства иностранных дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
08-1-1-1/648
Қабылданған күні
23.12.2014
Көрсетілген редакция
08.08.2016 AI86165_4.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14IY010104
ЭКБ идентификаторы
86165
Редакция идентификаторы
AI86165_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:27

0 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2 2. Кадрлар басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

1 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің м.а.
2014 жы­л­ғы 23 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 08-1-1-1/648 бұй­ры­ғы­на
қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – СІМ) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 ""Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 16 маусымда № 9521 тіркелді) бұйрығын іске асыру үшін әзірленді және СІМ "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.

2 2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

3 3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

4 4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:

1 1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;

2 2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);

3 3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.

Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.

5 5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.

6 6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "тиімді" деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.

7 7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.

Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.

8 8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

9 9. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны СІМ Жауапты хатшысы құрады.

10 10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.

11 11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия төрағасы болып СІМ Жауапты хатшысы табылады.
Комиссия хатшысы СІМ Кадрлар басқармасының (бұдан әрі – Кадрлар басқармасы) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2 2. Бағалау жүргізуге дайындық

12 12. Кадрлар басқармасы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.

Кадрлар басқармасы бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3 3. Тікелей басшының бағалауы

13

13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Кадрлар басқармасына қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4 4. Айналмалы бағалау

14 14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.

Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Кадрлар басқармасы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

15 15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.

16 16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы Кадрлар басқармасы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

17 17. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.

18 18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5 5. Қызметшінің қорытынды бағасы

19 19. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
b – тікелей басшының бағасы,
c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.

20 20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:

21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
21-дан 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
33 балдан жоғары – "тиімді".

6 6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

21 21. Кадрлар басқармасы осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Кадрлар басқармасы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:

1 1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;

2 2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;

3 3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

4 4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

22 22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

1 1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді

23 23. Кадрлар басқармасы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар басқармасы қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

24 24. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.

25 25. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадрлар басқармасында сақталады.

7 7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

26 26. Комиссия шешіміне қызметшінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

27 27. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, СІМ Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

28 28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты СІМ екі апта ішінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне береді.

1.1 Тікелей басшысының бағалау парағы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің
"Б" кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
қыз­мет­ші­ле­рі­нің қыз­ме­тін жыл сай­ын­ғы
ба­ға­ла­удың әді­сте­ме­сіне
1-қо­сым­ша
нысан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
_______________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

р/н
Өл­шем
Көр­сет­кіш­тің мәні (са­ны)
Ба­ға (балл)
1.
Ба­ста­ма­шы­лы­ғы
2-ден 5-ке дей­ін
2.
Ла­у­а­зым­ды мін­дет­те­рін орын­дау са­па­сы
2-ден 8-ге дей­ін
3.
Әре­кет­те­стікке икем­ді­лі­гі
2-ден 5-ке дей­ін
4.
Қыз­мет­тік эти­ка­ны сақ­та­уы
2-ден 5-ке дей­ін
БАР­ЛЫ­ҒЫ (бар­лық ба­ға­лар­дың ба­ға­сы)
Та­ны­стым:
Қыз­мет­ші (Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
____________________________
кү­ні________________________
қо­лы _______________________
Ті­ке­лей бас­шы (Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
_____________________________
кү­ні ________________________
қо­лы ________________________

1.2 Айналмалы бағалау парағы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің
"Б" кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
қыз­мет­ші­ле­рі­нің қыз­ме­тін жыл сай­ын­ғы
ба­ға­ла­удың әді­сте­ме­сіне
2-қо­сым­ша
нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
_______________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

р/н
Өл­шем
Көр­сет­кіш­тің мәні
Ба­ға (балл)
Ба­ғы­ны­шты адам
1
Жұ­мысты жос­пар­лай алу қа­бі­ле­ті
2-ден 5-ке дей­ін
2
Жұ­мысқа ын­та­лан­ды­ру қа­бі­ле­ті
2-ден 5-ке дей­ін
3
Қыз­мет­тік эти­ка­ны сақ­та­уы
2-ден 5-ке дей­ін
Бар­лы­ғы (бар­лық ба­ға­лар­дың ба­ға­сы)
Әріп­те­сі
1
Топ­та жұ­мыс іс­тей алу қа­бі­ле­ті
2-ден 5-ке дей­ін
2
Қыз­мет­тік эти­ка­ны сақ­та­уы
2-ден 5-ке дей­ін
3
Ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рін орын­дау са­па­сы
2-ден 5-ке дей­ін
Бар­лы­ғы (бар­лық ба­ға­лар­дың ба­ға­сы)

1.3 Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің
"Б" кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
қыз­мет­ші­ле­рі­нің қыз­ме­тін жыл сай­ын­ғы
ба­ға­ла­удың әді­сте­ме­сіне
3-қо­сым­ша
нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі

р/р
Қыз­мет­ші­нің Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да)
Ті­ке­лей бас­шы­ның ба­ға­сы
Ай­нал­ма­лы ба­ға
Қо­ры­тын­ды ба­ға
1
...
Комиссия қорытындысы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: ___________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Қолданыстағы