Об утверждении перечня видов заработной платы и (или) иного дохода, из которых производится удержание алиментов на содержание несовершеннолетних детей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов заработной платы и (или) иного дохода, из которых производится удержание алиментов на содержание несовершеннолетних детей
- Атауы (қаз.)
- Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 24.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2018 86166_743058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14D0010113
- ЭКБ идентификаторы
- 86166
- Редакция идентификаторы
- 86166_743058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:22
0 Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 140-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығымен бекітілген
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі
1 1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға осы тізбенің 2-тармағында көрсетілген адамдардың кірістерін қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдік валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, үлес) және өзге де кірістің барлық түрлерінен, оның ішінде:
1 1) қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін немесе орындаған жұмысы үшін еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген белгіленген лауазымдық айлықақыларға (мөлшерлемелерге) байланысты есептелген жалақыдан;
2 2) еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақылардың барлық түрлерінен, сондай-ақ еңбек ақы төлеу қоры шегінде үнемделген қаражат немесе тиісті мекемені қамтуға көзделген қаражат есебінен алынатын үстеме ақылардан;
3 3) еңбек ақы төлеу жүйесінде көзделген сыйлықақылардан (ақшалай сыйақылардан);
4 4) мына:
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының
98-бабының 7) тармақшасында көзделген;
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127, 128, 129, 130, 131-баптарында көзделген төлемдерді қоспағанда, барлық өтемақы төлемдерінен;
5 5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ бірнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетін ақшалай өтемақыдан;
6 6) комиссиялық сыйақыдан (сақтандыру агенттеріне, брокерлерге);
7 7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бір жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін алынған кірістерден;
8 8) авторлық сыйақы төлемдерінен;
9 9) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабымен көзделген жәрдемақыларды қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтік көмек сомаларынан;
10 10) білім беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін стипендиялардан;
11 11) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен кірістерден;
ҚР Конституциялық Сотының 28.06.2024 № 46-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармағының 11) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.
12 12) мүлікті жалға беруден түскен кірістерден;
13 13) бағалы қағаздар бойынша түскен кірістерден және заңды тұлғаның мүлкін басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістерден;
14
14) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген кірістерден жүргізіледі.
2 2. Әскери қызметшілерден, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен алимент ұстау қызметтік міндеттерін орындауға байланысты олар алатын төлемдердің мынадай түрлерінен:
1 1) лауазымдық жалақыдан, әскери, арнайы атақ бойынша берілетін жалақыдан, арнайы атақ немесе сыныптық шен үшін қосымша еңбекақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстеме ақыдан;
2
2) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1) тармақшасымен және «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен көзделген;
3 3) еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты әрі біржолғы сипаттағы және тиісті органды қамтуға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын сыйақылардан (ақшалай сыйақылардан);
4 4) тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен алынатын үстеме ақылар мен қосымша ақылар сомасынан;
5 5) мына:
мертіккен жағдайда төленетін бір жолғы өтемақыны;
зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақы төлемдерін;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы;
тұрғын үйді жалдағаны (жалға алу) үшін мақсатты өтемақыны;
жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына алушыға төленетін ақшалай өтемақыларын;
кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі шегінде емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
қызметі бойынша ауысқан, әскери қызметтен шығарылған кезде, стационарлық емделуге барған және кері қайтқан кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен жол жүруге, сондай-ақ қызметі бойынша ауысқан және әскери қызметтен шығарылған кезде он тоннаға дейін жеке мүлікті тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
пошта жөнелтілімдеріне арналған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
оқуға жұмсалған шығындарды өтеуге төленетін ақшалай соманы;
бір елді мекеннен басқасына қоныс аударуға байланысты қызмет бабымен ауысқан кездегі көтерме жәрдемақыны;
іссапарға жіберілген қызметкерлерге берілетін өтемақы төлемдерін;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстарды төлеу үшін төленетін ақшалай өтемақыларды;
әскери қызметшілердің көрсетілетін қызметтерге, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты келтірілген шығындарын өтеумен байланысты өтемақы төлемдерін;