Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридическою лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред

Бұйрық · № 371 · қабылданған 24.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86172/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридическою лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред Қолданыста Бұйрық ·№ 371 ·24.12.2014
24.12.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридическою лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред

Қолданыста Бұйрық ·№ 371 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридическою лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред
Атауы (қаз.)
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
371
Қабылданған күні
24.12.2014
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI86172_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14D0010114
ЭКБ идентификаторы
86172
Редакция идентификаторы
AI86172_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:20

0

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 6-бабының 3-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 371 бұйрығымен бекітілген
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңның (бұдан әрі - Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 6-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және сот шешімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі сот шешімдерін орындалудың бірыңғай тәртібін белгілейді.

2 2. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде сот шешімдерінің орындалу тәртібі

2

2. мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - мемлекеттік орган) орындауға қабылдаған атқарушылық құжат ол бойынша сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу қозғамаған болса, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген сотқа не өндіріп алушыға қайтарылады.

3 3. Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін мемлекеттік органға атқарушылық құжаттың бар екендігі туралы хабарлайды және заңнамада белгіленген тәртіппен инкассалық өкім шығару жөнінде шара қабылдайды.

4 4. Мемлекеттік орган сот актілері бойынша ақшалай қаражатты аумақтық әділет органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша сот орындаушысының сот актілерін орындау қажеттілігі туралы хабарламасы негізінде ғана аударады.

5 5. Сот орындаушысы сот актілерін орындау үшін мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) өндіріп алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2

2) өндіріп алушының жеке шоты ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің анықтамасы (жауапты тұлға қол қойған және мөрімен бекітілген) жеке шотының нөмірін, банк деректемелерін (МФО, ЖСН, ағымдағы шоты, атауы, мекенжайы) көрсетумен не өндіріп алушының ақшалай қаражаттарын оған поштамен жіберу туралы өтінішінің көшірмесі немесе төлем карточкасының көшірмесі.
Сот орындаушысында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда мемлекеттік орган ақшалай қаражаттарды аумақтық әділет органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.

6

6. Мемлекеттік орган аумақтық әділет органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына не өндіріп алушылардың жеке шоттарына сот актілері бойынша ақшалай қаражаттарын уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді, бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аумақтық әділет органына уақтылы жазбаша түрде хабардар етеді.

7

7. Мемлекеттік органның шотына атқарушылық құжаттар бойынша шығарылған инкассалық өкімдердің орындалуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесімен (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 9934 тіркелген) белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Қолданыстағы