Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в городе Лисаковске

Қаулы · № 1 · қабылданған 06.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-86201/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об организации общественных работ в городе Лисаковске Күшін жойған Қаулы ·№ 1 ·06.01.2015
26.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в городе Лисаковске

Күшін жойған Қаулы ·№ 1 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в городе Лисаковске
Атауы (қаз.)
Лисаков қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
06.01.2015
Көрсетілген редакция
26.01.2016 86201_68004.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ND005336
ЭКБ идентификаторы
86201
Редакция идентификаторы
86201_68004
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:06

0 Лисаков қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін, ең төменгі айлық жалақыдан кем емес 2 мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

3

3. Еңбекақы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.

4

4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.П. Сенчевке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қантардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ
Лисаков қаласының прокуроры
________________ Е. Тайкешов
6 қаңтар 2015 жыл

7 Әкімдіктің

2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 қаулысымен
бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері

Ұйымның атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыстың көлемі, сағатпен
Еңбекақы төлемі
Нақты жұмыс жағдайлары
1
«Уста плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Лисаков қаласының, Октябрь кентінің, Красногор ауылының аумағын көгалдандыруға және абаттандыруға қатысу
78720
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екi демалыс күнiмен, бір сағаттан кем емес түскі үзiлiспен
2
«Қостанай облысының прокуратурасы Лисаков қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша көмек көрсету
3936
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екi демалыс күнiмен, бір сағаттан кем емес түскі үзiлiспен

Қолданыстағы